Тұлға құрылымындағы құндылық бағдарлар жүйесінің орны мен рөлі
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v72.i1.02Аңдатпа
Бұл мақала тұлға құрылымдағы құндылық бағдарлары жүйесінің орны мен рөлін зерттеуге арналған. Бұл мәселенің өзектілігі қазіргі саяси, экономикалық және әлеуметтік қайта құрулар жағдайында құндылық бағдарлары ерекше мәнге ие болатындығына байланысты, өйткені олар тұтастай тұлғаның қызмет етуі мен дамуын анықтайды.
Мақалада құндылық бағдарларының негізгі детерминанттары, сондай-ақ олардың тұлға құрылымындағы орны мен рөлін айқындау проблемасы болып табылатын әртүрлі тұжырымдамалар мен көзқарастар берілген. Бұл, ең алдымен, ресей психологтарының тұжырымдамалары - А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьева, А.В. Петровский, Н.Р.Салихова, шетелдік - Ж. Пиаже, Л.Лэнгле, Н. Хоу мен У. Штраус және басқалар.
Мұнда бастысы қазақстандық зерттеуші Д.Т. Ихсанованың құзіреттілікті дамыту моделін В.В. Козловтың интегративті көзқарас аясында қарастырылғаны. Мақалада автор ұсынған құндылық бағдарларының дамуының үш деңгейі қарастырылған, бұл олардың жеке тұлға құрылымындағы орны мен рөлін анықтауға мүмкіндік берді.
Беріген шолуда келесі тұжырымдарды жасауға мүмкіндік берді - құндылық бағдарлары адам өмірінің барлық салаларында көрінетін және оның мінез-құлқын реттейтін тұлға құрылымының маңызды құрамдас бөлігі.
Осылайша, құндылық бағдарлары тұлға құрылымында маңызды орын алады. Бұл әр адамның өмірі үшін маңыздылығын жоғалтпайтын күрделі және көп қырлы әлеуметтік-психологиялық құбылыс.
Түйін сөздер: құндылық бағдары, тұлға, құндылық жүйелері, тұлғаның құндылық бағдары, әлеуметтену, интериоризация, даралау, дифференциация, интеграция.









