Қазіргі заман жеткіншектерінің өзіндік бағалау ерекшеліктері
DOI:
10.26577/JPsS.2020.v72.i1.01Аңдатпа
Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер келешек ұрпақтың тұлғалық қалыптасу процесі мен олардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу деңгейіне айтарлықпай ықпал етуде. Бұл әсіресе ішкі қарама-қайшылықтармен сипатталатын жеткіншектік кезеңде орын алады. Жеткіншектік кезең өзіндік сана мен мінез-құлықтың қалыптасуы, өзіндік бағалау мен өзіндік қатынастың дербес, тәуелсіз жүйесінің өңделуі. Осындай жағдайлар дамудың осы кезеңіндегі өзіндік бағалау мәселесіне кеңінен тоқталуға негіз болды. Сонымен қатар, түрлі психологиялық және әлеуметтік факторлармен қатар, өзіндік бағалау баланың әлеуметтенуі мен қоғамдық мінез-құлық нормаларының қалыпты жүзеге асуына зор ықпал етеді.
Мақалада қазіргі заман жеткіншектерінің тұлғалық дамуындағы психологиялық ерекшеліктеріне, «өзіндік бағалау» түсінігінің мәні, құрылымы мен қызметтеріне теориялық талдау жасалып, сол теориялық білімнің негізінде өзіндік бағалаудың құрылымдық үлгісі құрылды және оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі жағдайындағы жеткіншектердің өзіндік бағалау ерекшеліктерін анықтау көзделді. Зерттеудің нысаны – 7-10 сынып оқушыларының өзіндік бағалау ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен қатар, бұл ғылыми жұмыстың отбасында жеткіншектердің өзара қатынасы мен өзара түсіністігін жақсарту мақсатында және жеткіншектермен жұмыс істейтін педагогикалық кадрларды даярлау ісінде қолданылу қажеттілігі зор болып табылады.
Түйін сөздер: жеткіншектік кезең, өзіндік сана, өзіндік бағалау, «Мен» бейнесі, мінез-құлықтық автономия, құрбылармен қарым-қатынас.









