Студенттердің қазіргі заманғы босуақыт тәжірибесінің ерекшеліктері
Кілт сөздер:
демалыс, бос уақыт тәжірибелері, жастар, студенттер, бос уақыт.Аңдатпа
Мақала әлеуметтану ғылымындағы бос уақытты өткізу мәселелері және
қазіргі заманғы студенттердің бос уақыт өткізу тәжірибелерінің негізгі
ерекшеліктерін анықтауға арналып жазылған. Жұмыста «бос уақыт» түсінігінің
мағынасы жан-жақты қаралып, барлық аспектілерден түсіндірме беріледі. Бос
уақыт тәжірибелері адамның жұмыстан тыс уақытта айналысатын іс-әрекеті
ғана бола қоймай, сонымен қатар қалпына келу, демалу және өзін-өзі дамытуға
бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы екендігіне мақала авторлары ерекше
назар аударады. Бос уақыт тәжірибелерін зерттеу өзектілігі авторлармен оның
әрдайым өзгеріске ұшырап, трансформациялануымен негізделген. Соның
нәтижесінде, жастардың бос уақытын зерттеу маңыздылығы, осы мәселеге
арнайы көңіл бөлінуі ерекше қажеттілігі артуда. Мақаланың негізгі бөлімінде
авторлармен жүргізілген эмпирикалық зерттеу нәтижелері талқыланады.
Зерттеуге ҚазҰУ-дың студенттері қатысып, бос уақыт тәжірибелері жайлы
фото күнделік толтырды. Зерттеу құралы ретінде арнайы дайындалған
күнделікте респонденттер күнделікті «бос уақыт тәжірибелерін» сипаттайтын
фотосуреттерін салып отырды. Авторлармен жинақталған зерттеу нәтижелері
студент жастарының қазіргі заманғы бос уақыт тәжірибелер түрлерін, бос
уақыт өткізудің әлеуметтік ортасын, уақытын және орнын анықтауға негіз
болды. Қорытынды бөлімде авторлармен жасалған негізгі түйіндер орын алған.









