Қазақ-орыс-ағылшын үштілділеріндегі когнитивтік бақылаудың мінез-құлықтық көрсеткіштері: модификацияланған Струп тапсырмасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20411026

Аңдатпа

Көптілділік жағдайындағы когнитивтік бақылауды зерттеу бәсекелес тілдік ақпаратты өңдеу және ақпараттық қақтығыс кезінде жауап таңдау қажеттілігіне байланысты ғылыми қызығушылық тудырады. Зерттеудің мақсаты – қазақ-орыс-ағылшын үштілділеріндегі интерференция ерекшеліктерін стимулдардың ұсынылу тіліне, қатысушылардың бірінші тіліне және Струп тапсырмасының түріне байланысты алдын ала бағалау. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы үштілділік жағдайындағы когнитивтік бақылаудың мінез-құлықтық сипаттамаларын нақтылау мүмкіндігімен анықталады. Пилоттық зерттеуге бірінші тіліне (қазақ немесе орыс тілі) қарай екі топқа бөлінген 20 ересек қатысты. Үш тілде модификацияланған Струп тапсырмасының стандартты және семантикалық нұсқалары қолданылды. Дұрыс жауаптардың реакция уақыты мен тапсырманы орындау дәлдігі аралас дизайндағы қайталанатын өлшемдерге арналған дисперсиялық талдау арқылы зерттелді. Конгруэнттіліктің статистикалық мәнді әсері (p = 0,004) және тіл мен конгруэнттіліктің өзара әрекеттесуі (p = 0,024) анықталды. Интерференцияның сипаттамалық тұрғыдан ең жоғары көрсеткіші қазақ тілінде байқалды (72,91 мс), ал бірінші тіл тобы, стимул тілі және конгруэнттілік факторларының үшжақты өзара әрекеттесуі статистикалық мәнділік деңгейіне жеткен жоқ (p = 0,371). Зерттеудің ғылыми жаңалығы бірінші тілдері әртүрлі үштілді қатысушылардың екі тобын үш тіл мен тапсырманың екі түрін қамтитын бірыңғай эксперименттік дизайн аясында салыстырумен сипатталады. Алынған нәтижелер интерференцияның тілге байланысты ерекшеліктерін зерттеудің эмпирикалық негізін толықтырады, алайда анықталған айырмашылықтарды когнитивтік тежелу механизмдерімен біржақты байланыстыруға мүмкіндік бермейді. Зерттеу нәтижелерінің практикалық маңыздылығы оларды болашақ көптілділік зерттеулерінде эксперименттік тапсырмаларды әзірлеу, стимулдық материалдарды іріктеу және тілдік факторларды бақылау барысында қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Түйін сөздер: когнитивтік бақылау, таңдамалы зейін, Струп әсері, интерференция, реакция уақыты, үштілділік.

Автор өмірбаяндары

  • Қ. Жақсылыққызы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    (корреспондент-автор) – PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының оқытушысы, Ми институтының кіші ғылыми қызметкері (Қазақстан, Алматы, e-mail: karlygash.zhaksylykkyzy@kaznu.edu.kz)

  • Ж. Ибраева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    филология ғылымдарының докторы, доцент, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасының доцент-зерттеушісі (Қазақстан, Алматы, e-mail: zhanar.kulmat@gmail.com)

  • М. Жолдасова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, Ми институтының ғылыми қызметкері (Қазақстан, Алматы, e-mail: manzur777@gmail.com)

  • Г. Нәбиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    PhD докторант, аға оқытушы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Түркітану және тіл теориясы кафедрасы (Қазақстан, Алматы, e-mail: gulnaznabyeva1@gmail.com)

  • А. Кустубаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    биология ғылымдарының кандидаты, профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ми институтының директоры, Биофизика, биомедицина және нейроғылым кафедрасының меңгерушісі (Қазақстан, Алматы, e-mail: Almira.Kustubaeva@kaznu.kz )

Жарияланды

2026-10-20