Паралимпиадалық спортшылардың менталдық беріктігінің предикторлары: автономды және бақыланатын мотивация мен жарысқа бағдарланудың рөлі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20269834

Аңдатпа

Қазіргі жағдайда паралимпиадалық спорт жоғары талаптар мен көптеген стресстік әсерлер жағдайында спортшылар іс-әрекетінің тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ететін психологиялық ресурстарды қалыптастырудың маңызды контексті ретінде қарастырылады. Осыған байланысты қысым жағдайында іс-әрекеттің бағыттылығын, бақылауды және өнімділікті сақтай алу қабілетін сипаттайтын интегративті қасиет ретінде менталдық беріктік ерекше мәнге ие. Зерттеудің мақсаты – паралимпиадалық және сурдлимпиадалық бағыттағы спортшылардың менталдық беріктігінің вариативтілігін түсіндірудегі автономды және бақыланатын мотивацияның, сондай-ақ жарыстық бағыттылық параметрлерінің үлесін анықтау. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы алынған нәтижелердің паралимпиадалық және сурдлимпиадалық бағыттағы спортшылардың менталдық беріктігінің предикторлары туралы қазіргі ғылыми түсініктерді кеңейтуімен, сондай-ақ оның қалыптасу механизмдеріндегі мотивациялық және жарыстық факторлардың рөлін нақтылауға мүмкіндік беруімен анықталады. Зерттеу әдіснамасы менталдық беріктік шкаласын (MTS), спорттық мотивация шкаласын (SMS) және жарыстық бағыттылық сауалнамасын (SOQ) қолдануды қамтыды. Эмпирикалық деректерді статистикалық талдау үшін зерттелген предикторлардың тәуелді айнымалының вариативтілігін түсіндірудегі үлесін анықтауға мүмкіндік беретін көптік сызықтық регрессиялық талдау қолданылды. Зерттеу нәтижелері менталдық беріктікті түсіндіруге жарысқа бағыттылық пен автономды мотивацияның неғұрлым жоғары үлес қосатынын көрсетті. Сонымен қатар бақыланатын мотивация мен спорттық өтіл статистикалық тұрғыдан мәнді ықпал көрсеткен жоқ. Алынған деректер менталдық беріктік деңгейінің спорттық тәжірибенің ұзақтығына қарағанда мотивацияның сапалық сипаттамалары мен жетістікке бағдарланумен көбірек анықталатынын көрсетеді. Зерттеудің құндылығы менталдық беріктік туралы интегративті психологиялық ресурс ретіндегі түсініктерді кеңейтумен және оның қалыптасуындағы ішкі мотивациялық механизмдер мен жарыстық бағыттылықтың рөлін нақтылаумен байланысты. Алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы оларды спортшылардың автономды мотивациясы мен конструктивті жарыстық бағыттылығын дамытуға бағдарланған психологиялық даярлық бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру барысында пайдалану мүмкіндігімен анықталады.

Түйін сөздер: менталдық беріктік, паралимпиадалық спорт, автономды мотивация, жарысқа бағдарлану, спорттық мотивация.

Автор өмірбаяндары

  • Ю. Красмик, Қазақ экономикалық университеті

    (корреспондент-автор) – PhD, ассистент-профессор, Нархоз университеті (Алматы, Қазақстан, e-mail: yuliya.krasmik@narxoz.kz)

  • Р. Кенжетаева, Қазақ экономикалық университеті

    PhD, гуманитарлық мектептің қауымдастырылған профессоры, Нархоз университеті (Алматы, Казахстан, e-mail: roza.kenzhetaeva@narxoz.kz)

  • Б. Рахмалин, «Database» ЖШС

     дене шынықтыру және спорт магистрі, «Database» ЖШС (Алматы, Қазақстан, e-mail: bular@inbox.ru).

Жарияланды

2026-09-17