Қазақстан республикасында балалық шақты қорғауды қамтамасыз ету

Authors

  • Қ. Ә. Авсыдыкова
  • Т. А. Морозова
        48 45

Abstract

Балаларға қамқорлық – еліміздің мемлекеттік саясатының ажырамас бөлігі болып табылады. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында нақты көрсетілген отбасылық саясаттың және ана болуды көтермелеу қызметінің негізгі бағыттары, сенімді әлеуметтік кепілдіктер отбасын, ана мен баланы мемлекеттік қолдаудың тұтас жүйесін құруға алып келді. «Қазақстан-2050» стратегиясы. Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында еліміздің Президенті әлеуметтік саясаттың жаңа қағидаттарын айқындап, балалықты қорғауды елдің дамуының таяу жылдарға арналған маңызды басымдықтарының бірі ретінде белгілеп берді және мемлекеттік органдардың оны іске асыру жөніндегі қызметінің негізгі басымдықтарын айқындады. Мемлекеттік әлеуметтік саясат Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына және халықаралық міндеттемелерге сәйкес физикалық, зияткерлік, рухани, адамгершілік және әлеуметтік тұрғыдан баланың толыққанды дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Мақаланың мақсаты отбасылық және демографиялық саясат саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, ана мен баланы қолдаудағы үздік тәжірибені зерделеу, сонымен бірге, отбасы институтын нығайту мен туу, өмір сүру ұзақтығы және халықтың көші-қон саласындағы тұрақты әрі жағымды динамикасын сақтау. Үкіметтің демографиялық даму мен әлеуметтік саясат саласындағы жүзеге асырып жатқан шаралары туу көрсеткішін ұлғайтуға, өлім-жітім деңгейін төмендетуге, халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын арттыруға, көші-қон көрсеткішінің жағымсыз сальдодан жағымды сальдоға өтуіне ықпал етіп отыр. Зерттеу әдіснамасы 2005-2010 жылға арналған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау реформасы мен дамуының алдыңғы Мемлекеттік бағдарламасы, 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау дамуының мемлекеттік бағдарламасы. Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы. Қойылған мақсатқа жету үшін эмпирикалық мәліметтер жинақтауда 2012 жылы жарық көрген «Save the Children» тәуелсіз британдық ұйымы жүргізген зерттеу нәтижесі алынды. Тақырыптың өзектілігі қазіргі заман қоғамындағы ана мен бала мәселесіне деген жалпы қызығушылықпен анықталады. Мақаладағы зерттеудің объектісі қазақстандық ана мен бала қауіпсіздігі болып табылады, зерттеу пәні – осы мәселеге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың енгізілуі және жүзеге асыру әдістері. Зерттеу әдісі контент анализ және бақылау, ал эффективтілік өлшемі Гутман индикаторы және шкаласы. Осылайша зерттеу валидтілігі және релеванттылығы, сонымен қатар аддиктивтілігі қамтамасыз етілді.
Түйін сөздер: құндылық, әлеуметтік қауіпсіздік, құқық, стратегия, балалық шақ, мінез-құлық, патронаж.

Downloads

Published

2018-11-09

How to Cite

Авсыдыкова, Қ. Ә., & Морозова, Т. А. (2018). Қазақстан республикасында балалық шақты қорғауды қамтамасыз ету. The Journal of Psychology &Amp; Sociology, 64(1), 79–87. Retrieved from https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/832