Әртүрлі отбасылық мәртебеге ие қазақстандықтардың неке мен ажырасуға қатынасының ерекшеліктері
Аңдатпа
Отбасы экономикалық және саяси жүйелер, дін мен білім берумен қатар негізгі әлеуметтік институттардың бірі болып табылады. Отбасының рөлін кеміту қиын, өйткені ешбір басқа әлеуметтік топ қоғамның қалыпты физикалық және мәдени дамуы үшін соншалықты маңызға ие емес. Мақалада социологиялық зерттеудің шартты түрде бөлінген топтардың некеге және ажырасуларға деген көзқарас бөлігіндегі жекелеген нәтижелері көрсетілген: жалғызбасты ата-анасы бар отбасылар, толық отбасылар және үшінші топ, бұл азаматтық немесе ресми некеде болмаған және кәмелетке толмаған балалары жоқ азаматтар немесе балалары жоқ отбасылар немесе балалары ересек отбасылар.
Түйін сөздер: отбасы, жалғызбасты ата-аналар, әлеуметтік топтар, некелік қатынастар, отбасылық құндылықтар









