Қазіргі заманғы студенттердің ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік туралы түсінігі

Авторлар

  • T. P. Vasko Университет «Туран», Республика Казахстан, г. Алматы
  • D. T. Ikhsanova Университет «Туран», Республика Казахстан, г. Алматы
  • O. Kh. Aimaganbetova Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Республика Казахстан, г. Алматы

Кілт сөздер:

информационно-психологическая безопасность, факторы информационной опасности, критерии информационно-психологической безопасности, сформированность представлений.

Аңдатпа

Бұл мақалада гуманитарлық ЖОО студенттерінің ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік жайындағы түсініктерін қалыптастыру туралы өткізілген зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуымен, жаһандық ақпараттық ағымдардың артуымен, халықтың ақпараттық мәдениетінің төмен болуы салдарынан жеке тұлғаның психикасының саналық және бейсаналық компоненттеріне әсер ету қаупінің күшеюімен байланысты негізделген (Г.В. Грачев, И.К. Мельник, В.И. Илюхин, В.Н. Лопатин, Г.В. Емельянов және т.б.). Тұлғаның ақпараттық-психологиялық қауіпсіздігі – бұл жеке адамның ақпарат саласындағы өмірлік маңызды мүдделерінің қорғалуы, сондай-ақ, тұлғаның жағымсыз ақпараттық-психологиялық әсерлерді сезінуі және оған қарсы тұрудың тетіктерін меңгеруі.
Зерттеудің мақсаты – тұлғаның ақпараттық-психологиялық қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде, студенттердің ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік туралы түсініктерін зерттеу. Ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік туралы түсініктің қалыптасуы тұлғаға ақпараттарды қабылдауға, қорытынды жасауға, түсінуге, белгілі бір жағдайды түсінуге және мағынасын айқындауға мүмкіндіктер береді. Заманауи ғылыми концепциялармен қатар әр адамда ақпараттық-психологиялық қауіпсіздік туралы субъективті, күнделікті түсініктер қалыптасады, бұл түсініктер практикалық қолданыс кезінді ең
басты рөлді атқарады. Соның ішінде субъективті тәжірибелер адамның іс-әрекеті мен өмірге деген көзқарасының реттеушісі болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-01-17

Журналдың саны

Бөлім

Psychology