Болашақ сәулетшілер мен құрылысшылардың кәсіби қалыптасуының психологиялық негіздері

Авторлар

  • E. A. Gorovaya Институт психологии им. Г.С. Костюка

Кілт сөздер:

сәулетшілер, құрылысшылар, сәулетшілер мен құрылысшылардың кәсіби қалыптасуының процесі, сәулетшілер мен құрылысшылар кәсіби бірдейлігі, сәулетшілер мен құрылысшылар кәсібіне құнды қатынас.

Аңдатпа

Сәулетшілер мен құрылысшылардың кәсіби қалыптасу процесінің құрылымы шығармашылық іс-әрекеттің арнайы талдау пәнінің өзіндік феноменологиялық және концептуалды аймағы ретінде теориялық-эксперименттік зерттеу негізінде анықталды. Болашақ сәулетшілер мен құрылысшылардың кәсіби қалыптасуының концепциясы өңделді. Бұл процесс әлеуметтік жағдайларды қабылдау ерекшеліктері мен оның адам үшін мүмкін салдар-ларымен (жағымды және жағымсыз); кәсіби іс-әрекеттің белгілі бір ерекшеліктерімен; кәсіпке деген микроортадағы (кәсіби қауымдастық, отбасы, достар және т.б.) өзара қатынастарымен байланысты. Зерттеу жаратылыстану және гуманитарлық парадигмалардың интеграциясымен негізделеді. Сәулет және құрылыс саласы мамандарының моделі жасалды. Модель негізіне адамтанудың категориялық-түсініктік аппаратының екі деңгейлік моделінің теориялық ережелері (адамтану әдіснамасының рациогуманистік бағдарының ережесі), тұлғаның кәсіби бірдейлігінің концепциясы («өмірлік және кәсіби тәжірибе» туралы ереже) қойылған.

Жүктеулер

Жарияланды

2014-12-28

Журналдың саны

Бөлім

Шетелдік әріптестердің мақалалары