Төтенше жағдайлар және олардың халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне әсері
Кілттік сөздер:
ландшафт, төтенше жағдай, катастрофа, апат, табиғи, техногендік, социогенді тө-тенше жағдайлар, қауіп, экстремалды ситуациялар, әлеуметтік көңіл-күй, әлеуметтік көңіл-күйді өлшеуАннотация
Мақалада төтенше жағдайлардың азаматтардың әлеуметтік көңіл-күйіне тигізетін әсерлері қа-растырылады. Әлеуметтік көңіл-күй қоғамның тұрақты дамуының индикаторы ретінде бағаланады.Авторлардың берген анықтамасы бойынша төтенше жағдай – белгілі бір аумақта халықтың өмір сүруіне қауіп төндіретін табиғи құбылыстар, катастрофалар, стихиялық немесе басқаша түрде бо-латын апаттар арқылы, халықты материалдық шығындарға ұшыратып, олардың денсаулықтарына залал келтіретін, адам құрбандығына алып келетін жағдайлардың орын алуы. Қоғамдық дамудың қазіргі тенденцияларын социологиялық тұрғыдан талдаудың қазіргі кезеңдегі өзекті аспектілері-нің бірі адамдардың әлеуметтік көңіл-күйін трансформациаланған қоғамда әлеуметтік өзгерістерге, өз орындарына, сонымен қатар техногендік, табиғи сипаттағы төтенше жағдайларға қатысты эмо-ционалдық-баға беру реакциясы ретінде қарастыру. Түбегейлі өзгерістерге толы қоғамда халықтың әлеуметтік көңіл-күйіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіп отыру және бұл мәселеге қатысты зерт-теулердің жеткіліксіздігі осы жұмыстың негізгі міндеттерін анықтады