Тұлғааралық әрекеттестік үрдісін ізгілендіру бойынша әлеуметтік-психологиялық жұмыс
Кілт сөздер:
гуманизация, психологиялық механизм, тұлғааралық әрекеттестік.Аңдатпа
Тұлғааралық әрекеттестікті ізгілендіру – әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық өзекті мәселесін зерттеуде, баланың тіршілік әрекетінің ізгілендірілуінің көкейкесті интегративті тәсілдемесін болжайды. Психологиялық механизмдер генезисі оқылатын үрдіске балаларды қосу, оның субъектілерінің тұлғааралық әрекеттестік адамгершіліктері біз үшін айрықша қызығушылық тудырады. Оқылатын психологиялық механизмдердің жүзеге асуының өзгешелігі, бізше, «гуманизация» деген ұғыммен анықталып және жасөспірімдік шақтағы балаларды тұлғааралық әрекеттестік со- циум үрдісіне қосу, сол сияқты олардың тұлғалық дамуының болжамды нәтижесімен тиісті психоло- педагогикалық шарттармен таңдалынады. Бізге көрсетілгендей, психологиялық механизмнің генезисі бала дамуының әлеуметтік жағдайының әртүрлі жас ерекшелік кезеңдеріндегі өзгерістерімен анықталады. Біздің ойымызша, механизмдерді анықтаудың әртүрлі жолдары болуы мүмкін, яғни жүйелі түрде екі негізгі нұсқасы болады, олар атақты барлық психологиялық механизмдерді түсіндіреді. Біздің ойымызша, үмкін болатын бір нұсқасын «іс-әркеттік» деп атасақ болады. Психологиялық механизмнің мазмұнын және құрылымын анықтау, бағдарламалы түрде оның нақты факторына сүйенеді, жетістігіне жету үшін әсер етеді (нетижелік) және орындалу тәсілдері адамның іс-әрекетімен байланысты. Негізгі зерттеу тәсілдері объективті тест болып келеді, олар психологиялық экспе- римент және социометриялық сауалнама. Психологиялық механизмдердің екінші бір нұсқасын «тұлғалық» деп атасақ болады. Бұл нұсқаның, яғни психологиялық механизмінің құрылысы мен мазмұны тұлғалық қасиеттермен анықталады, оның мінез-құлық және іс-әрекеті әлеуметтік түрлі жағдайларға, сонымен қатар түрлі тұлғалық сауалнама мен анкеталарда болып есептелінеді. Эмпирикалық зерттеу әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық шартты болып көрсетуге мүмкіндік береді, тұлғааралық әрекеттестік ізгілендірудің механизмі жасөспірім тұлғасының өзін-өзі өзектендіру үрдісін қамтамасыз етеді.









