БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ ТƏРБИЕЛЕНГЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕПРИВАЦИЯЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ

Authors

  • N. U. Begalieva

Abstract

1990 жылдары психология мен  педагогика  ғылымдарында  жетімдік  мəселе-  сіне қызығушылық өсіп, ерекше назар аударыла бастады. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жəне интернат типтес мекемелерде тəрбиеленіп жатқан балалардың психологиялық дамуын, əлеуметтік бейімделу проблемаларын, олардың өмір сүру қалпын зерттеуге бағытталған ғылыми еңбектер жазыла бастады (И.В. Анисимова, 1992; Л.Н. Галигузова, С.Ю. Мещерякова, И.Ф. Дементьева, 1992; Н.П.  Иванова, 1995; И.А. Яковлева, 1992 жəне басқалар). Қазіргі уақытта бейімделу тиімділігін арттыру мен қазіргі заманғы қоғамда жетім балалар жəне ата-ана қамқорлығынсыз қалған, интернат типтес мекемелерде тұратын балаларды біріктіру мəселесі ең өзекті мəселе болып тұр. Терең тарихи тамыры бола тұра қазіргі қоғамдық тəрбие жетім балаларды тəрбиелеуде түрлі себептерге байланысты жетімдердің əлеуметтік бейімделу мəселесін тиімді шешеуге дəрменсіз болып отыр, оның ішінде дамуында ауытқушылығы бар балалар да бар.

References

1. Толстых А.Н., Прихожан А.М. “Исследование психологического развития младших школьников, воспитывающихся в закрытых учреждениях”. – М.: Педагогика. 1990г. – 285 с.
2. Методико-психолого-педагогическая реабилитация детей в домах ребенка (современные аспекты). Методическое пособие. – М.: Изд-во «ЛО Московия», 2002. – 215 c.
3. Прихожан А.М. Психическое развитие воспитанников детского дома. – М.: Педа- гогика. 1998 г. – 190 с.
4. Лисина М.И., Дубровина И.В., Рузская А.Г. и др. Психическое развитие воспи- танников детского дома. - М.: Педагогика, 1990. 264 с.
5. Дети-сироты: консультирование и диагностика развития. - М.: Полиграфсервис, 1998.– 336 с.

Downloads

Published

2012-09-10