Әлеуметтік жарнаманың психологиялық ерекшеліктерінің ықпалы
Кілт сөздер:
жарнама, әлеуметтік ықпалы, шешім қабылдау, әлеуметтік жарнама.Аңдатпа
Жарнама психологиясы қазіргі таңда «сәнді» категорияға қатысты ғылымның бағыты болып табы- лады. Зерттеушілер жыл сайын оның феномендерінің қасиеттеріне ерекше назар аударып, зерттеуге жаңа тақырыптар, жаңа түсініктер, жаңа көзқарастар пайда болады. Ең алдымен бұл қоғаның, өмірдің жарнамаға әсеріне байланысты: мәдени біріктірілген социум маңызды феномен ретінде, ал көпшілігінде мәнін анықтаушы ретінде қарастырылады. Жарнама іс-әрекетінде тәжірибе салдары көптеген психологиялық ғылымдарының санын және өзгерістерді жарнама ақпаратында нәтижелерді талап етеді. Қазіргі таңда психологиядағы ғылыми зерттеулердің құпиясы жарнаманың бөлек түрлерін, ерекшеліктерін және категорияларын үйренуге байланысты болады. Дегенмен, жарнамадағы психологиялық зерттеудің кең көлемдегі диапазоны жалпы әртүрлі мінез-құлықтағы өзгерістер, қарым-қатынастар екенін байқауға болады. Ұсынылған жарнамада зерттеушілерді қызықтыратын ерекшелік баламалы таңдау қалыптасады. Психологиялық мәселенің ықпалы (әлеуметтік әсер) жарнама психологиясында ғылыми білімнің өзекті саласы, себебі ол барлық этикалық мінез-құлықпен байланысты. Кез келген ықпал немесе әсер адам санасының өзгеретіндігін жаңа бостандықты таңдаудағы кедергілерді болжайды. Көпшілік авторлар, мысалы Б.Ф. Скиннер біз барлығымыз дерлік бір-бірімізге тәуелдіміз, ешқандай бостандық таңдауы жоқ, тіпті оймен ойлауда болмайды деп болжайды.









