Əлеуметтік қызметкерлердің кəсіби құзыреттілігін жетілдіру мəселелері

Авторлар

  • K. A. Abenova Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Қазақстан, Алматы қ.
  • D. A. Aryn Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Қазақстан, Алматы қ.
        63 31         63 56

Кілттік сөздер:

əлеуметтік жұмыс, кəсіби этика, адамгершілік, ар-ұждан, əділеттілік, гуманизм, өркениет құндылықтары, əлеуметтік технология, əлеуметтік көмек, қолданбалы ғылым, құқықтық қорғау.

Аннотация

Бұл мақалада қазіргі қоғамдағы əлеуметтік проблемалар, олардың шешу жолдары мен əдістері баян-далады. Сондай-ақ əлеуметтік қызметкердің кəсіптік тұлғасы жəне маманға қойылатын талаптар, əлеуметтік қызметкердің əртүрлі лауазымдық міндеттері сипатталады.Мақалада қазіргі заманға тəн болып отырған кері əдеттермен күресудің жалғыз жолы – жас ұрпақты əдептілік нормаларына сай тəрбиелеудің маңыздылығы айтылады. Жас ұрпақты əдептілікке тəрбиелеу ісінде ұлттық философияның, ұлттық құндылықтардың алатын орны ерекше. Сондықтан болашақ əлеуметтік қызметкерлерді даярлау ісінде олардың бойына моральдық принциптерді сіңіру маңызды.Мақалада шығыс ойшылдарының, оның ішінде əл-Фарабидің даналық, ізгілік, мейірімділік туралы ойларына мысал келтірілген. Əлеуметтанушы В.А. Канкенің өркениет дағдарысы туралы пікірлеріне, Дж. Роулздың ақпараттық қоғамдағы əділдік қағидалары туралы ойларына сілтеме жасалған.Қазіргі заман мамандарының бойында гуманизм принципінің болуы шарт. Гуманизм əлеуметтік қызметкердің бойында гуманизм принципі мейірімділік, қарапайымдылық, мұқияттылық, сезімталдық, нақтылық, əдептілік қасиеттердің болуын міндеттейді.Сондай-ақ мақалада Қазақстан Республикасының көп ұлтты жəне көп конфессиялы мемлекет екендігі ерекше айтылып, осыған сəйкес, елімізде əртүрлі этникалық топтармен əлеуметтік жұмыстың өзіндік технологиясының қалыптасып отырғандығы баяндалған. Осы орайда, авторлар ұлтымызға тəн мейірбандық қасиеттерге тоқталған.Мақалада əлеуметтік қызметкердің тұлғалық жəне кəсіптік сапалары мен қасиеттері кеңінен талдана-ды, əлеуметтік қызметкердің тұлғааралық сапаларына ізгілікті қасиеттерді, психикалық талдау жүргізе білуді, педагогикалық біліктілік негіздерін білуді жатқызады.Мақалада əлеуметтік қызметкердің атқаратын функциялары, əлеуметтік қызметкердің құқықтық қатынастар жүйесіндегі білім сапасын көтеру маңыздылығы, қоғам үшін əлеуметтік қызметкердің маңыздылығын арттыру туралы жазылған.Авторлар əлеуметтік қызметкердің міндеттері қатарына Қазақстан Республикасының Заңдарын, арнау-лы əлеуметтік қызметтерді ұсыну жөніндегі өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, арнайы педагоги-ка, психология жəне əлеуметтік жұмыс негіздерін білуді жатқызады.

Библиографиялық сілтемелер

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.
2. «Арнаулы əлеуметтiк қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жыл 29 желтоқсандағы № 114-IV Заңы.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі. (Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері) = Кодекс чести государственных служащих Республики Казахстан. – Алматы: Жетi жарғы, 2005.
4. Əл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973.
5. Кант И. Основы метафизики нравственности. Соч. в 6 т. Т.4.Ч.1. – М.,1965
6. Агапов Е.П. Методика исследований в социальной работе: учебное пособие. – М.: Дашков и К, 2012.
7. Бейсенбаев Ж. Əдептілік əлемі. – А., 1983.
8. Галагузов А.Н. Социально-педагогические задачи: учебное пособие. – М.: Владос, 2008.
9. Жарықбаев Қ.Б. Əдеп жəне жантану. Ұлттық тəлім-тəрбие. Хрестоматия. – А., Атамұра, 1996.
10. Канке.В.А. Современная этика. – М.: Омега-Л, 2008.
11. Курбатов В.И. Социальная работа: учебное пособие. – М., 2007.
12. Қазақтың тəлімдік ой-пікір антологиясы. 2 Т. – Алматы: Рауан, 1994.
13. Құдиярова А.А. Қарым-қатынас этикасы. – Алматы, 2004.
14. Павленок П.Д. Введение в специальность «Социальная работа»: учебник – М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2007.
15. Роулз Дж. Теория справедливости. – Новосибирск, 1999.
16. Тілеужанов М. Қазақ тағылымы. – Орал, 1994.

1. Kazakhstan Respublikasy Konstitutsiyasy. Astana., 2008.
2. «Arnauly aleumettik qyzmetter turaly» Kazakhstan Respublikasy 2008 zhylgy 29 zheltoqsandagy N 114-IV Zany
3. Kazakhstan Respublikasy memlekettik qyzmetkerlerinin ar-namys kodeksy (Memlekettik qyzmetkerlerdin qyzmet etikasy erezheleri) = Kodeks chesti gosudarstvennykh sluzhashchikh Respubliki Kazakhstan . – Almaty: Zheti Zhargy, 2005.
4. al-Farabi. Filosofyalyq traktattar. Almaty., Gylym, 1973.
5. Kant I. Osnovy metafiziki nravstvennosti. Soch. v 6 t., T.4, Ch.1., M., 1965.
6. Agapov E.P. Metodika issledovaniy v sotsial’noi rabote: uchebnoe posobie – M.: Dashkov i K, 2012.
7. Beisenbaev J. Adeptilik alemi. Almaty, Rauan, 1994.
8. Galaguzov A.N. Sotsial’no-pedagogicheskie zadachi: uchebnoe posobie – M.: Vlados, 2008.
9. Jaryqbaev Q.B. Adep jane jantanu. Ulttyq talim-tarbie. Khrestomatiya. Almaty., Atamura, 1996.
10. Kanke V.A. Sovremennaya etika, M., «Omega-L», 2008.
11. Kurbatov V.I. Sotsial’naya rabota. Uchebnoe posobie. M., 2007.
12. Qazaqtyn talimdik oi-pikir antologiyasy. Almaty, Rauan, 1994.
13. Qudyarova А.А. Qarym-qatynas etikasy. Almaty, 2004.
14. Pavlenok P.D. Vvedenie v spetsial’nozt’ «Sotsial’naya rabota»: uchebnik – M.: FORUM-INFRA-M, 2007.
15. Roulz Dg. Teoriya spravedlivosti. Novosibirsk. 1999.
16. Tleujanov M. Khazakh tagylymy. Oral, 1994.

Жүктелулер

Как цитировать

Abenova, K. A., & Aryn, D. A. (2013). Əлеуметтік қызметкерлердің кəсіби құзыреттілігін жетілдіру мəселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 44(1). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/434