Балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің әлеуметтік ерекшеліктері

Авторлар

  • M. A. Nartaeva Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • N. U. Shedenova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Кілт сөздер:

балалар үйінде тәрбиеленуші, тұл жетім, әлеуметтік жетім, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер, әлеуметтік депривация, интернат.

Аңдатпа

Мақалада балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің отбасында тәрбиеленген балалардан әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, осы топтағы жеткіншектердің әлеуметтік-психологиялық проблемаларын зерттеудің және олардың елімізде әлеуметтік қорғалуының негіздері анықталды. Зерттеу нысаны: ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдер. Зерттеу пәні: балалар үйінде тәрбиеленуші жасөспірімдердің әлеуметтік ерекшеліктерінің негізгі себебінің көрінуі мен мазмұны болып табылады. Зерттеу мақсаты: балалар үйлерінде тәрбиеленушіледің әлеуметтік-психологиялық жетілулерінің негізгі себептерін көрсету мен ерекшеліктерін зерттеу арқылы проблема тудырып отырған себептерге байланысты шешу жолдарын қарастыру. Зерттеудің болжамы: әртүрлі шетелдік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерін талдаудың көмегімен
анықталған әлеуметтік, психикалық ерекшеліктерінің спецификалық көрінісі бар. Зерттеудің болжамын эмпирикалық зерттеу жүргізу үшін арнайы нормативтік құжаттар қарастырылды. Олар келесі заңдар – Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы, Қ.Р. баланың құқықтары туралы заңы.

Жүктеулер

Журналдың саны

Бөлім

Sociology