Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастырудағы әлеуметтік қызметкерлердің рөлі

Авторлар

  • D. A. Aryn Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, Қазақстан, Алматы қ.
        51 61

Кілттік сөздер:

білім беру, модернизациялау, гуманизм, адамгершілік, кәсіби этика, ар-ұждан, әділеттілік, өркениет құндылықтары, әлеуметтік технологиялар, құқықтық қорғау.

Аннотация

Мемлекет әлемдік қауымдастыққа кірігуді жүзеге асырып отырған тұста біліктілігі жоғары кадрлар – болашақ мамандар даярлау, жеке тұлғаның мүддесін жүзеге асыратын жағдайлар мен әрекет ету механизмдерін жасау мәселесі өзекті болып отыр. Қазақстан дамуының маңызды шарты жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде қазіргі заманғы мәдениет, экономика, техника мен технология жетістіктерін пайдалана отырып маман даярлаудың жетілдірілген жүйесін жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін модернизациялау қоғамның барлық саласына әсерін тигізері даусыз. Ендеше, жоғары білікті мамандар даярлау барысындағы бірінші кезектегі міндеттердің бірі – білім алушыларға рухани-адамгершілік тәрбие беруді іске асыру барысында әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың рөлі ерекше. Білім беруді гуманизациялау мәселесі жоғары технологияларды ендіру мен инновацияны қолдауға бағытталған мемлекеттік стратегияны іске асыру тұсында өзекті болары анық. Осы тұста әлеуметтік білімдердің болашақ маманды ізгілендірудегі алатын орны ерекше. Осыған орай мақалада жоғары оқу орындарында болашақ әлеуметтік сала қызметкерлерін оқыту ерекшеліктері мен болашақ маманға қойылатын талаптар қарастырылған. Егеменді елімізде білім беру мен тәрбиелеудің біртұтас үрдісін қазіргі заман талабына сай жаңаша құру қажеттілігі басым. Келешек ұрпақты, мемлекетіміздің бүкіләлемдік кеңістікте беделді орын алуына еңбек етуге, жалпыадамзаттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып, жеке тұлға қалыптастыруға, терең білім мен тәрбие алуға, дүниетанымдық көзқарастар қалыптастыруға бағыттау қажет. Осыған орай, бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдындағы басты міндет өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары саналы, белсенді азамат, білікті маман тәрбиелеп шығару болып табылады. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне жаңа тұлғаны қалыптастыру, да- мыту мақсаттарын қойып отыр. Жастардың ойлау қызметін дамыту, ой-пікір дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту – маңызды және күрделі мәселелер болып табылады. Қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге шығармашылық тұрғыдан қарай алатын, қойылған мәселені дәстүрлі емес түрде және сапалы шеше білетін тұлғалардың, мамандардың талап етілуі қоғамның даму жылдамдығына және тез өзгеріс жағдайында адамдарды өмірге дайындай білу керектігіне байланысты.

Библиографиялық сілтемелер

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2011.
2. Абдикерова Г.О., Казахстанская модель социализированной личности Теоретический журнал 19 сентября 2011. // CREDO NEW №3 2011 Санкт-Петербургский Государственной институт психологии и социальной работы. – С. 116-123.
3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2050 стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы, 2012 жыл 24 желтоқсан, Астана.
4. Канке.В.А. Современная этика. – М.: «Омега-Л», 2008.
5. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – А.: Ғылым, 1973.
6. Павленок П.Д. Введение в специальность «Социальная работа»: учебник – М.: ФОРУМ-ИНФРА-М, 2007.
7. Курбатов В.И.Социальная работа: учебное пособие. – М., 2007.
8. Абенова К.А., Арын Д.А. Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру мәселелері // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. ХАБАРШЫ. Психология және социология сериясы. – №1. – 2013.
9. Реан А.А. Социализация личности // Хрестоматия: Психология личности в трудах отечественных психологов. – СПб.: Питер. 2000.
10. Выготский Л.С. Собрание соч.: в 6 т. – М., 1982.
11. Дюркгейм Э. Социология образования. – М., 1996.
12. Балицкая И. В., Гуманизация и гуманитаризация высшего образования в США и России как организационно-педаго- гическая проблема. – М.: Владос, 2000.
13. Кузнецова С.В. К вопросу о личностно-ориентированном образовании // Вестник ТГУ. Проблемы образования. – 2003.
–№ 277. – С. 256–261.
14. Engestrom, V. Learning by expanding. An activitytheoritical aproach to developmental resarch. – Helsinki, 1987
15. Erikson, E. Dimension of new Identity: The 1973 Jefferson Lectures in the Humanities. – N.-Y., 1974
16. Gamble, T., Gamble M. Communication works. – N.Y., 1990. – 387 p.

1. Kazakhstan Respublikasynyn “Bilim turaly” Zany. – Astana, 2011.
2. Abdikerova G.O., Kazakhstanskaya model’ sotsializirovannoi lichnosti. Teoreticheskii jurnal 19 sentyabrya 2011. // CREDO NEW №3 2011. – Sankt-Peterburgskii Gosudarstvennyi institute psikhologii I sotsial’noi raboty. – S. 116-123.
3. Nazarbaev N.A. “Kazakhstan – 2050 strategiyasy kalyptaskan memlekettyn jana sayasi bagyty” atty Kazakhstan khalkyna joldauy, 2012 jul 24 jeltoksan, Astana.
4. Kanke V.A. Sovremennaya etika. – M.: “Omega-L”, 2008.
5. al-Farabi. Filosofyalyq traktattar. – Almaty: Gylym, 1973.
6. Pavlenok P.D. Vvedenie v spetsial’nozt’ “Sotsial’naya rabota”: uchebnik – M.: FORUM-INFRA-M, 2007.
7. Kurbatov V.I. Sotsial’naya rabota: uchebnoe posobie. – M., 2007.
8. Abenova K.A., Aryn D.A. Aleumettik kyzmetkerlerdin kasibi kuzyrettiligin jetildiru maseleleri. Al-farabi atyndagy KazNU. Khabarshy. Psikhologiya jane sotsiologiya seriyasy. – №1. – 2013.
9. Rean A.A. Sotsializatsiya lichnosti // Khrestomatiya: Psikhologiya lichnosti v trudakh otechestvennykh psikhologov. – SPb.: Piter. 2000
10. Vygotskii L.S. Sobranie soch.: v 6 t. – M., 1982.
11. Dyurkgeim E. Sotsiologiya obrazovaniya. – M., 1996.
12. Balitskaya I.V., Gumanizatsiya i gumanitarizatsiya vysshego obrazovaniya v SSHA i Rossii kak organizatsionno- pedagogicheskaya problema. – M.: Vlados, 2000.
13. Kuznetsova S.V. K voprosu o lichnostno-orientirovannom obrazovanii // Vestnik TGU. Problemy obrazovaniya. – 2003. –
№277. – S.256-261.
14. Engestrom, V. Learning by expanding. An activitytheoritical aproach. to developmental resarch. – Helsinki, 1987
15. Erikson, E. Dimension of new Identity: The 1973 Jefferson Lectures in the Humanities. – N.-Y., 1974
16. Gamble, T., Gamble M. Communication works. – N.Y., 1990. – 387 p.

Жүктелулер

Как цитировать

Aryn, D. A. (2013). Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастырудағы әлеуметтік қызметкерлердің рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 47(4). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/330