Саяси-құқықтық салада тұлғаның әлеуметтену мәселелері.

Авторлар

  • G. O. Abdikerova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
        61 411

Кілттік сөздер:

саяси әлеуметтену, саяси мәдениет, саяси-құқықтық қатынастар, саяси әлеуметтену үлгілері, саяси режим.

Аннотация

Саяси әлеуметтену тұлғаның саяси тәжірибені, саяси іс-әрекет пен саяси қатынастардың талаптарын, құндылықтарын және бағдарларының белгілі бір жүйесін белсенді түрде қайта өндіру процесі ретінде түсіндіріледі. Шын мәнінде, бұл – ұрпақтан-ұрпаққа саяси құндылықтар, талаптар және мінез-құлық үлгілерін жеткізіп отыру процесі. 

Саяси әлеуметтену ұғымы екі мағынада қолданылады. Біріншіден, индивидтің саяси жетілу процесін, оның саяси «Менінің» қалыптасуын, саяси өмірге өзіндік көзқарастарының, өзіндік саяси бағдарының болуын білдіреді. Екіншіден, саяси көзқарастарды, идеяларды, түсініктер мен талаптарды, саяси мәдениетті бір ұрпақтан екінші ұрпаққа, бір әлеуметтік топтар мен қауымдастықтардан екіншісіне жеткізу процесін сипаттайды. Осылайша, екі жағдайда да саяси әлеуметтену – бұл түрлі деңгейде жекелік және қоғамдық, жүзеге асырылатын жалпы, біртұтас процесс. Осы екі деңгейге қатысты саяси әлеуметтенудің: жекелік және қоғамдық түрлерін  айтуға болады.

Құқықтық әлеуметтену – индивидтің жалпы әлеуметтенуінің бір бөлігі, бір түрі. Құқықтық әлеуметтену процесінде индивид құқықтық сауаттылыққа үйреніп, құқықтық білім негіздерін игеріп, өзінің құқықтық мінез- құлқын практикада қолдануға дағдыланып, құқықтық мәдениеттің белгілі бір сапалық деңгейін сипаттайды. Құқықтық әлеуметтену – тұлғаны әлеуметтік-құқықтық қатынастарға тартып, саяси және құқықтық талаптарға, құндылықтарға араластыру, жекелік құқықтық сана мен мәдениетті қалыптастыру процесін білдіреді. 

Библиографиялық сілтемелер

1. Кон И. Социология личности. – М.: Политиздат, 1967. – 383 с.
2. Гуревич Л.Я. Политическое развитие постсоветского Казахстана в зеркале общественного мнения // Восток-Запад: диалог культур. Доклады и выступления II Международного симпозиума, Алматы, 24-26 октября 1995 г. – Алматы, 1996. – Ч. I. – С. 84-87.

1. Kon I. Sociology of personality. - M: Politizdat, 1967. – 383 C.
2. Gurevich L.Y. Political development of post-Soviet Kazakhstan in the mirror of public opinion // East-West: dialogue of cultures. Reports and speeches of the II International Symposium, Almaty, October 24-26, 1995 - Almaty, 1996. - H. I. S. 84-87.

Жүктелулер

Как цитировать

Abdikerova, G. O. (2013). Саяси-құқықтық салада тұлғаның әлеуметтену мәселелері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 46(3). вилучено із https://bulletin-psysoc.kaznu.kz/index.php/1-psy/article/view/307