Когнитивті қабілеттер: дамудың ерекшеліктері және атқарушы бақылаумен өзара байланысы
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS202594304Аннотация
Бұл мақала психофизиологиялық және психометриялық әдістерді қолдана отырып, когнитивтік қабілеттерді зерттеудегі интегративті көзқарастың өзекті мәселесіне арналған. Когнитивті нейроғылым әдістерін қолдану арқылы жүргізілген когнитивтік қабілеттерді заманауи зерттеулердің нәтижелері қарастырылады. Бұл зерттеудің мақсаты – когнитивтік қабілеттердің жас ерекшеліктерін, экзекутивті бақылау және олардың өзара байланысын анықтау. Зерттеуге 7 жастан 20 жасқа дейінгі бес жас тобына бөлінген (7-9 жас, 10-12 жас, 13-15 жас, 16-18 жас және 19-20 жас) 180 бала мен жасөспірім қатысты. Интеллект көрсеткіштерінің психометриялық өлшемдері Wechsler intelligence Scale for Children (балалар нұсқасы) және Wechsler Adult Intelligence Scale (ересектер нұсқасы) көмегімен жүзеге асырылды. Мінез-құлық зерттеулері тестке қатысушылардың экзекутивті бақылау, қырағылық және бағдарлау көрсеткіштерін анықтау үшін зейіннің нейрондық желі (ЗНЖ) тестін орындауынан тұрды.
Алынған деректер вербальды/вербалды емес интеллект пен жалпы интеллекттің жасқа байланысты сипаттамаларын көрсетті, бұл акселерация процесін білдіреді. Дегенмен, белгілі бір жасқа бейімделген тестілеуді екі түрін қолдану мен таңдамалыларға әсер ету мүмкіндігін жоққа шығаруға болмайды. IQ-дің жеке субшкалалары мен ЗНЖ көрсеткіштері арасындағы сенімді корреляциялар экзекутивті бақылаудың когнитивті қабілеттерге әсерін көрсетеді. Сонымен бірге, интеллект құрылымының өзіндік ерекшелігі мен күрделілігі бар екенін атап өткен жөн.
Осылайша, интеллекттің жасқа байланысты ерекшеліктерін зерттеу психологтар мен нейробиологтар үшін әртүрлі жас кезеңдерінде психикалық әлеуетті дамыту және қолдау мәселелеріне кешенді түрде қарауға мүмкіндік беретін жаңа көзқарасты қамтамасыз етеді. Интеллекттің жас ерекшеліктерін тереңірек түсіну қажеттілігі негізінде ақыл-ой әлеуетін дамыту аясында зерттеудің өзектілігі артады.
Түйін сөздер: когнитивті қабілеттер, зейін, экзекутивті бақылау, ЗНЖ, IQ.