Цифрлық эскапизм және стресс: өзара байланысын зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS202594301Аннотация
Цифрлық дәуірде медиа эскапизм күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналып, стресті
жеңудің бір тәсілі ретінде қолданылады. Бұл зерттеу стресс деңгейі мен цифрлық эскапизм
арасындағы байланысты зерттеуге бағытталған және адамдардың цифрлық медианы
эмоционалдық күйін реттеу үшін қалай пайдаланатынын қарастырады.
Зерттеудің психологиялық және практикалық маңыздылығы цифрлық эскапизмді күресу
механизмі ретінде түсінуге негізделеді. Бұл зерттеу стрестің медиа тұтыну үлгілеріне әсерін
анықтау арқылы психикалық денсаулық пен цифрлық мінез-құлық туралы ғылыми пікірталасқа
үлес қосады. Методология сандық зерттеу әдісін қамтиды, онда қатысушылардың стресс
деңгейлері мен медиа эскапизм тенденциялары психологиялық тесттер арқылы бағаланды.
Осы айнымалылар арасындағы корреляцияларды анықтау үшін статистикалық талдау
жүргізілді.
Нәтижелер стресс пен медиа эскапизм арасында елеулі байланыс бар екенін көрсетті,
яғни стресс деңгейі жоғары адамдар психологиялық жеңілдік табу үшін цифрлық контентке
жиі жүгінеді. Бұл зерттеу цифрлық психология саласындағы білім қорын толықтырып,
стресті басқарудағы медиа эскапизмнің ықтимал қауіптері мен артықшылықтарын түсінуге
көмектеседі. Зерттеудің практикалық маңызы – психологтар, педагогтер және саясаткерлер үшін пайдалы
ақпарат ұсынуында. Цифрлық эскапизмнің стресс реттеудегі рөлін түсіну психологиялық әл-ау-
қатты жақсартуға бағытталған тиімді стратегияларды әзірлеуге көмектесе алады.
Түйін сөздер: цифрлық эскапизм, стресс, медиа тұтыну, психологиялық әл-ауқат.