Сыни ойлау контекстінде оқушылардың логикасы мен пайымдау біліктілігінің психологиялық қатынасы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v91.i4.4
        84 22

Аннотация

Мақалада бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі, ол зияткерлік жастардың ұсынатын жаңа идеяларына қолдау көрсету бағытында сыни ойлау контекстінде оқушылардың логикасы мен пайымдау біліктілігінің психологиялық қатынасының  теориялық-әдіснамалық негіздері зерделенді. Бұл  бағытта философиялық, психологиялық-педагогикалық ғылыми әдебиеттерге жасалған шолу арқылы теориялық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік беретін «ойлау», «сыни ойлау», «логика», «пайымдау біліктілігі», «сыни ойлау негізінде  оқушылардың логикасы мен  пайымдау біліктілігінің  психологиялық  қатынастары» ұғымдарына анықтама берілді.

Зерттеу барысында синергетикалық, мотивациялық, когнитивтілік әдіснамалық тұрғырларды негізге алып, сыни ойлау контекстінде оқушылардың логикасы мен пайымдау біліктілігінің психологиялық қатынасының  құрылымы  жасалып, жеке тұлғаның сыни ойлауы, ойды түсіну, өзгерту, тексеру, айқындау мен дәлелдеме келтіру даярлығы, логикалық шешімі мен тұжырымдары, когнитивті дағдылары мен пайымдау біліктілігі, ой-өрісі мен қарым-қатынасына қатысты   ұғымдардың кіріктірілген сызбасы бейнеленді.

Авторлар мақалада зерделенген теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау бағытында ұйымдастырылған тәжірибелік-эксперимент нәтижелері нәтижелері ретінде сыни ойлау контекстінде оқушылардың логикасы мен пайымдау біліктілігінің психологиялық қатынасының қызметі арқылы олардың ойлау логикасы мен пайымдау біліктілігі арта түскені және табысты білім алуға деген ұмтылысы жоғарылап, қарым-қатынасқа түсу үдерісінде өзіндік ойын жеткізу, дәлелдеме келтіру, оған талдау жасау, оңтайлы шешім қабылдау, белсенділік пен мінез-құлқын реттеуге бағыт-бағдар алатыны көрініс тапты.

Түйін сөздер: ойлау, сыни ойлау, логика, пайымдау біліктілігі, ойды түсіну, өзгерту, дәлелдеме, позитивті ойлау, когнитивті дағды, аргументация, талдау, логикалық шешім.

Авторлардың биографисы

Ж. Молбасынова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент автор) – докторант, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: zhuma.maratovna@mail.ru

Ю. Гелишли, Гази университеті, Анкара, Түркия

социология ғылымдарының докторы, Гази университетінің профессоры, Анкара, Түркия, e-mail: ygelisli@gmail.com

М. Мурзагулова, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: miraulan70@gmail.com

У. Жамирова, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, e-mail: zhamirova_1978@mail.ru

A. Даникеева, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Тараз, Қазақстан

PhD, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің доценті, e-mail: danikeeva.a@icloud.com 

Жүктелулер

Как цитировать

Молбасынова Z., Гелишли Y., Мурзагулова, М. ., Жамирова U. ., & Даникеева A. . (2024). Сыни ойлау контекстінде оқушылардың логикасы мен пайымдау біліктілігінің психологиялық қатынасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 91(4), 35–46. https://doi.org/10.26577/JPsS.2024.v91.i4.4