«COVID-19» пандемиясы жағдайында инфекцияларды таратпау жөніндегі профилактикалық жұмысты ақпараттық сүйемелдеудің тиімділігін әлеуметтанулық талдау және бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS202594309Аннотация
Зерттеу тақырыбына кіріспе: мақалада 2022-2023 жылдары Қарағанды медицина университетінің және академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің қызметкерлермен жүргізілген COVID-19 пандемиясы жағдайында жаңа респираторлық инфекциялардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстардың ерекшеліктеріне әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері берілген.
Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары: әлеуметтанулық талдау және COVID-19 пандемиясы жағдайында инфекциялардың таралуын болдырмау бойынша профилактикалық жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз етудің тиімділігін бағалау болды.
Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы: медициналық дағдарыс жағдайында бір жағынан мемлекет, денсаулық сақтау жүйесі және екінші жағынан халық арасындағы байланыстың әртүрлі үлгілері мен әдістерін енгізу саласындағы әлемдік тәжірибені қорытуда жатыр. Эпидемиялар мен инфекциялардың алдын алу және бақылауды ақпараттық қамтамасыз етуді жүзеге асырудың тиімділігін бағалау және өлшеу әдістемесі ұсынылды.
Зерттеу әдістемесінің қысқаша сипаттамасы: медициналық ақпаратты тұтынушы ретінде Қарағанды облысының тұрғындары арасында Google формасы арқылы сауалнама жүргізу.
Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдаулары, қорытындылары: тәжірибе көрсеткендей, халыққа медициналық ақпаратты өндіру мен жеткізудің тетіктері мен құралдары ретінде коммуникациялар мен бұқаралық ақпарат құралдарының жаһандық эпидемиялар мен пандемия жағдайында үлкен маңызы бар екендігі тұжырымдалған.
Жүргізілген зерттеудің құндылығы (бұл жұмыстың тиісті білім саласына қосқан үлесі): халықтың медициналық ақпаратты тұтыну құрылымының өзгеруін және сандық бұқаралық ақпарат құралдарының әсер етудің күшеюін ескере отырып, профилактикалық жұмыстардың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы: пандемия кезіндегі ақпараттың халыққа әсері туралы әлеуметтанулық зерттеу нәтижелерін ұсыну болып табылады.
Түйін сөздер: алдын алу, медициналық ақпарат, ақпараттық қолдау, COVID-19, цифрландыру, денсаулық сақтау, байланыс.