СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНА МУЗЫКАНЫҢ ӘСЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.03
        263 185

Аннотация

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, музыка өнері адамның психоэмоционалдық, моральдық, эстетикалық және мәдени-адамгершілік жағдайына айтарлықтай әсер ететіні бірқатар қызықты фактілер мен ғылыми еңбектерде дәлелденген.

Бұл мақаладағы зерттеу мәселесінің өзектілігі – музыканың адамның психоэмоционалды және физикалық жағдайына әсерін болжау мәселесіне қатысты теориялық және практикалық білімді жалпылау және жүйелеу қажеттілігінде. Мақалада музыканың студенттердің психоэмоционалдық жағдайына және оның шығармашылық мүмкіндіктеріне әсерін анықтау үшін бірқатар зерттеулерге теориялық талдау мен шолу жасалынды. Мұнда музыканың жағымды және жағымсыз әсеріне тоқталып, әртүрлі музыка стильдерінің студенттердің психоэмоционалды жағдайына әсері анықталды. Осы мақсатта білім алушылармен қысқа мерзімді зерттеу жүргізілді. Зерттеу кезінде «Музыкалық графика» әдісі қолданылды.

«Музыкалық графика» – кез келген көрнекі ақпарат құралдары арқылы музыка әсерін визуализациялаудың ерекше тәсілі. Зерттеу барысында әртүрлі музыкалық стильдердің, соның ішінде классикалық музыканың, заманауи және рок-музыканың адамның психоэмоционалдық жағдайына әсері анықталды.

Зерттеу нәтижесінде музыканың барлық стильдері студенттердің психоэмоционалдық күйі мен шығармашылық қабілеттеріне әртүрлі әсер ететіндігі байқалды. Атап айтқанда, классикалық шығармалар мен қазіргі заманғы музыка көңіл-күйді жақсартып, оң әсер етеді, ал рок-музыканы тыңдау адамның психоэмоционалдық жағдайына кері әсер етеді деген қорытынды жасалды.

Түйін сөздер: музыка, жанр, психология, психоэмоционалдық жағдай, классикалық музыка туындылары, рок музыка, заманауи музыка.

Жүктелулер

Как цитировать

Kamza, G. B., & Bazarbekova, R. J. (2023). СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЭМОЦИОНАЛДЫҚ ЖАҒДАЙЫНА МУЗЫКАНЫҢ ӘСЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 86(3), 27–35. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v86.i3.03