Бар-Онның эмоциялық интеллект тестінің жастарға арналған қысқа-нұсқасын аудару және бейімдеу: ішкі сәйкестілігін, конвергенттік жарамдылығын және ретест сенімділігін тексеру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.01
        268 1079

Аннотация

Бұл мақалада EQi: Short-RU эмоциялық интеллектінің Bar-On қысқа тестінің жастар нұсқасын аудару және бейімдеу нәтижелері берілген. Bar-On эмоциялық интеллект сауалнамасы – көрсеткішті бағалаудың ең танымал және кеңінен қолданылатын әдісі. Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты эмоциялық интеллектті бағалау құралдарын орыс тілінде кеңейту және ары қарай қазақ тіліне бейімдеу     болды. Әдістемені бейімдеу шеңберінде шкалалардың ішкі сәйкестілігі Кронбах альфа әдісімен, конвергентті жарамдылығы Д.В. Люсиннің эмоциялық интеллект тесті (EmIn) және TIPI-RU үлкен бестігінің қысқартылған нұсқасы арқылы тексерілді. Зерттеуге Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетінің студент жастары қатысты. Тест ішкі эмоциялық интеллектіні, стресске төзімділікті және бейімделуді (Кронбах альфасы 0,7-ден жоғары) өлшегенде ішкі сәйкестілікті және тұлғааралық эмоциялық интеллект пен жалпы көңіл-күйде (Кронбах альфа-сы 0,7-ден төмен) ішкі сәйкестілігінің төмендігін көрсетті, бұл осы шкалалардың жалпылама си-патта анықталуымен және қазақстандық жастардың тұлғааралық қарым-қатынастағы эмоциялық күйлерді түсіну мен сезінуге қатысты сұрақтарды қабылдаудағы мәдени ерекшеліктерімен бай-ланысты болуы мүмкін. Конвергентті жарамдылықты өлшеуге арналған Пирсон корреляциялық тесті EQi:Short-RU эмоциялық интеллектінің негізгі шкалалары мен Люсиннің ЭмИн тесті арасында p<0,01 маңыздылық деңгейінде корреляциялық байланысты анықтады, сонымен қатар TIPI-RU әдісі бойынша негізгі тұлғалық қасиеттермен байланысты көрсетті. Нәтижелерге сүйене оты-рып, EQi:Short-RU тестін 16 мен 29 жас аралығындағы жастардың эмоциялық интеллект деңгейін анықтайтын сенімді диагностикалық құрал ретінде ұсынамыз.

Түйін сөздер: эмоциялық интеллект, бейімдеу, ішкі сәйкестілік, жарамдылық, сенімділік.

Жүктелулер

Как цитировать

Aidossova, Z. K., Kim, A. M., Khon, N. N., & Sadvakasova, Z. M. (2023). Бар-Онның эмоциялық интеллект тестінің жастарға арналған қысқа-нұсқасын аудару және бейімдеу: ішкі сәйкестілігін, конвергенттік жарамдылығын және ретест сенімділігін тексеру. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 85(2), 4–13. https://doi.org/10.26577/JPsS.2023.v85.i2.01