ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v82.i4.02
        145 256

Аннотация

Мақалада жоғары оқу орнындағы оқыту процесінде педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастыру ерекшеліктерін эксперименттік зерттеу нәтижелері ұсынылған. Педагогикалық мамандық студенттерінің қалыптасқан кәсіби мотивациясы рухани және адамгершілік құндылықтарының тұрақты жүйесі бар құзыретті, мобильді, жауапты болашақ мектеп мұғалімін қалыптастырады. Педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастыру диагностика, талдау мен дамыту әдістерін қажет ететін психологиялық-педагогикалық процесс болып табылады.

Педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастыру моделі мен бағдарламасын жасап, кәсіби мотивацияны қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық шарттарын анықтау зерттеуіміздің мақсаты болып табылады. Педагогикалық мамандық студенттерінің  - педагогикалық шарттары теориялық анықталды: сыртқы (іс-әрекетін белсенділендіру) және ішкі (өзінің қабілеттерін, кәсіби жетілу мотивациясын, студенттің ішкі кәсіби болмысын жете ұғыну; шығармашылық белсенділік, кәсіби өзін-өзі жетілдіруге дайындығы).

Зерттеудің практикалық маңыздылығы - зерттеу нәтижелері педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын диагностикалау мен түзету үшін, мотивациялық тренинг бағдарламасын оқу сабақтарын өткізу кезінде пайдалануға болады.

Педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби мотивациясын қалыптастыру мақсатында кәсіби мотивацияны қалыптастырудың моделі мен бағдарламасы жасалып, қалыптастырушы эксперимент түрінде оқу үдерісіне енгізілді. Эксперименттік топ студенттерінің оқу-кәсіби іс-әрекетінің тиімділігін арттыру, студенттердің кәсіби мотивациясын қалыптастыру, педагогикалық мамандық студенттерінің кәсіби дамуын жетілдірудің маңызды тетіктерінің бірі деп айтуға мүмкіндік береді.

Түйінді сөздер: кәсіби мотивация, өзін-өзі ұйымдастыру, психологиялық-педагогикалық жағдайлар, модель, мотивация құрылымы.

Жүктелулер

Как цитировать

Dautkaliyeva, P. B., Chernikova, T. V., & Amanova, I. K. (2023). ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫНДАҒЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 83(4), 15–25. https://doi.org/10.26577/jpcp.2022.v82.i4.02