Әдебиетті жүйелі шолу: «Z» ұрпақтың жаңа синтетикалық психотроп заттарға (ЖСПЗ) қатынасы

Авторлар

  • A. E. Mukhamediyev «Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры, Қaзaқстaн, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-5300-959X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.011
        138 190

Аннотация

Синтетикалық есірткілер әлемдік деңгейдегі есірткіге қатысты ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Зумерлер деп аталатын «Z» ұрпақ (Generation Z) өкілдері – жастардың қазіргі уақытта жаңа синтетикалық психотроп заттарды (ЖСПЗ) қолдануы үлкен алаңдатушылық тудырады. Жасөспірімдер мен жастар TikTok, Instagram және т. б. әлеуметтік желілердің белсенді қолданушылары болып табылады. Жас ерекшеліктеріне байланысты олар тың, әдеттен тыс нәрсені іздеуге, еліктеуге, өз мүмкіндіктерін асыра бағалауға әрі әлеуметтік желілер арқылы әртүрлі әсерлерге тез түсіп кетуге бейім, осының бәрі зерттеудің өзектілігін айғақтайды. Зерттеудің мақсаты - жасөспірімдердің есірткі қолдануы және «Z» ұрпақтың ЖСПЗ-ға қатынасы туралы ғылыми зерттеулерге жүйелі шолу жасау. Зерттеу әдісі – эмпирикалық зерттеулердің сапалық және сандық нәтижелерін жүйелі түрде талдау үшін біріктіруге мүмкіндік беретін жүйелі шолу. Зерттеу нәтижелері: «Z» ұрпақта әлеуметтік желілерге деген құмарлығына байланысты бұрынғы жас топтарына қарағанда психотропты заттарды теріс пайдалану проблемасының даму қаупі жоғары. Бұл көбінесе жасөспірім кезеңнің проблемасы екендігі белгілі болды; ЖСПЗ қолданумен байланысты көптеген бұзылулар нақты жасөспірім кезеңнен басталады. Интернеттің жастар мен ЖСПЗ қатынастарында үлкен рөл атқаратыны, ЖСПЗ қолдану мен суицид арасында оң байланыс бар екендігі анықталды. Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы – жаһандық перспективада ЖСПЗ-ның қазіргі жастар арасында таралуы бұл зерттеу саласын әлеуметтанулық тұрғыдан қазақстандық қоғамның болашағы үшін ерекше өзекті етеді. Жастардың ЖСПЗ-ны қолдану және есірткі тарату үшін әлеуметтік желіні пайдалану тәжірибесін тереңірек зерттеу қажет.

Түйін сөздер: «Z» ұрпақ, жастар, ЖСПЗ, жаңа есірткілер, жүйелі шолу.

Жүктелулер

Как цитировать

Mukhamediyev, A. E. (2022). Әдебиетті жүйелі шолу: «Z» ұрпақтың жаңа синтетикалық психотроп заттарға (ЖСПЗ) қатынасы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 82(3), 112–126. https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.011