Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтанушылардың жарияланымдық белсенділігі

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v79.i4.05
        89 71

Аннотация

Аталмыш мақала Scopus мәліметтер базасы мысалында қазақстандық әлеуметтанушылардың еңбектерінің ғылыми өлшемді көрсеткішін зерттеуге арналған. Бір-бірімен байланысты мәселегешолужасалынған. Халықаралықғылымиқорлардағықазақстандықәлеуметтанушылардың жарияланымдық белсенділігі қаншалықты өсті және оның қазақстандық ғылымның дамуына ықпалын анықтауға қадамдар жасалынды. Мақала мазмұнында жарияланымдық белсенділігі, сілтеме, қазақстандық авторлар мақала жариялайтын журнал рейтингі жайлы жалпы мәліметтер ұсынылған. Журнал индексі мен мақала индексі, импакт-фактор ғана емес аталмыш көрсеткіштер кешенді түрде пайдаланыла отырып жүзеге асырылатын жеке зерттеу жұмыстарының ықпалы мен маңыздылығы әділ және тиімді бағалануы мүмкін. Мақалада библиометриялық көрсеткіштерді қолдану тек университеттер үшін ғана емес, зерттеу институттары, жеке ғалымдар үшін де маңызды параметр болып табылады. Бір жағынан халықаралық тәжірибеде ғалымға деген сенім мен оның еңбектерінің жан-жақты қамтылуына бағытталған ғылыми өлшемнің әдістерін дамыту үрдісі жүріп жатыр. Екінші жағынан, түрлі саладағы зерттеулердің академиялық ықпалына баға беру үшін жалпыға ортақ әдіс ретінде ғылыми өлшемді талдаудың рөлі артып келеді. Әрбір ғалым аталмыш талдау құралдарын зерттеу үдерісін жоспарлау және белсенділендіру мақсатында қолдану ұсынылады.

Түйін сөздер: ғылымның дамуы, Қазақстан әлеуметтануы, ғылыми өлшем, мақала, мета-талдау, Scopus.

Жүктелулер

Как цитировать

Zhamanbalayeva, S. E., Lifanova Т. Y., & Lifanov S. А. (2021). Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтанушылардың жарияланымдық белсенділігі. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 79(4), 45–54. https://doi.org/10.26577/JPsS.2021.v79.i4.05