Мектеп жасына дейінгі балалардың сенсомоторлы дамуындағы бұзылыстарды диагностикалаудың заманауи әдістері
Кілт сөздер:
сенсомоторлы дамуды диагностикалау, нейропсиxология, денеге бағдарланған терапия, сенсорлы интеграция, кинезиология, дамудың бұзылысы.Аңдатпа
Мақала мектепке дейінгі жастағы балалардың бойындағы сенсомоторлық даму бұзылыстарын диагностикалаудың қазіргі таңдағы әдістеріне: денеге бағдарланған терапияға, сенсорлы интеграцияға, кинезиологияға шолу жасауға арналған. Сонымен бірге, балалардың сенсорлы және сенсомоторлы дамуының бұзылыстары олардың псиxикалық даму мен өзара байланысы контекстінде талданады.









