Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің эмоционалды интеллектісінің психологиялық ерекшеліктері
Кілт сөздер:
ЭИ, төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері, копинг-стратегия, стрессАңдатпа
Отандықжәнешетелдікғалымдарпсихиканыңэмоционалдыжәнекогнитивтіжақтарыныңөзара қарым-қатынасын зерттеумен айналысқан, бірақ аталған мәселеге тек қана соңғы онжылдықта ғана көбірек көңіл бөлінді. Біздің ойымызша, эмоционалды интеллект эмоцияларды талдау мен бақылаудың арқасында стресстік жағдайды және қиыншылықтардан өтуге септігін тигізеді. Бірақ біздер төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлерінің стресстік жағдайды басынан өткерген кездегі эмоционалды интеллектінің әсерін талдауға арналған зерттеу жұмыстарын кездестіре алмадық. Дәл осы жағдай біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін айқындады. Эмоционалды ин- теллект копинг-стратегияларды таңдаудың және пайдаланудың эффективтілігін анықтайтын стрес- ске төзімділіктің факторы болып табылады. Эмоционалды интеллектінің ішкі жеке тұлғалық аспектісі индивидке өзінің эмоцияларын бақылауға және түсінуге мүмкіндік береді. Жеке тұлғалық компо- нент басқалармен эффективті қарым-қатынас құрауға әсерін тигізеді, ал ол өз алдында стресстің жағдайдың динамикасына әсер етеді. Сонымен қатар, төтенше жағдайлар қызметкерлерінің эмоционалды интеллектісін зерттеу эмпирикалық зерттеулер мен методологиялық әзірлікті қажет ететін басты теоретикалық және практикалық мәселе. Бұл жұмыста төтенше жағдайлар қызметкерлерінің эмоционалды интеллектісі мен копинг-стратегиясының өзара байланысын зерт- теу жұмыстары жүргізілген. Көрініп тұрғандай, стресстік жағдайды бақылаудың продуктивті копинг- стратегияларының кең түрлерінде эмоционалды интеллект басты рөл алады. Сонымен қатар, эмоционалды интеллектінің жоғарғы көрсеткіштеріне ие адамдар, критикалық жағдайлармен (кон- фликт, фрустрация, стресс, дағдарыс) объективті аз кездесетінін айта кеткен жөн. Бұл олардың өз эмоцияларын бақылаудың және басқалардың эмоцияларын басқарудың арқасында эффективті шешім қабылдай алуларына байланысты. Эмоционалды интеллектінің жоғарғы көрсеткіштеріне ие адамдар жинақы болып келеді. Сондықтан да олар критикалық жағдайларға әкелетін жағдайларда нәтижелі шешім қабылдайды. Эмоционалды интеллектінің (ЭИ) қазіргі кездегі концепциялары аффективті және интеллекту- алды процестердің бірлік идеясын айқындайды. Аффективті және интеллектуалды процестердің бірлігі жағынан қарастыратын болсақ, эмоционалды интеллектінің теоретикалық концепциясының дамуында эмоционалды процестердің регуляциясының психофизиологиялық механизмдерін зерт- теу өзекті болып келеді. Аталған мекемеде жүргізілген эмоционалды интеллектіні және стресстік жағдайдан шығу копинг-стратегиясын зерттеу жұмысы қызметкерлерде аталған мәселеге бағытталған қызуғушылық және жеке тұлғалық белсенділік оятты. Осыған орай, осы бағыттағы келесі жұмыс қадамы эмоционалды интеллектіні дамуты жолымен стресстік жағдайдан шығуға бағытталған оқыту бағдарламасын, яғни тренингтік бағдарламаны құрастыру болмақ.









