ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЭТНОМƏДЕНИЕТ МƏСЕЛЕЛЕРІНІҢ ШЕШІЛУІ
Аннотация
Қазақстан Республикасы өзін азаматтардың тең құқығы заңды тұрғыда бекі- тілген демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде жариялайды. Оған Президентіміз Н.Ə. Назарбаевтың ОБСЕ-нің мəдениетаралық, дінаралық жəне этникааралық төзімділік бойынша жиналысындағы сөзі тағы да дәлел болады: «... Қазақстанда маңызды стратегиялық міндет шешімін тапты – ұлттық азшылықтардың олардың мəдени жəне ұлттық бірдейлігімен байланысты қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін максималды түрдегі барлық жағдайлар жасалынды. Оның ішінде ең маңыздылары мəдениет жəне білім, туған тілін сақтауға қатысты.









