Зорлық-зомбылық көрсетудің түрлері, оның себептері мен салдарлары

Авторлар

  • Д. Зүлкәпіл әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті
  • Л. Т. Нуркaтовa Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

DOI:

10.26577/JPsS.2019.v71.i4.010

Аңдатпа

Соңғы жылдары Қазақстанда болып жатқан өзгерістер көптеген мәселелерді, соның ішінде әлеуметтік проблемаларды шиеленістірді. Олардың қатарына, әрине, зорлық-зомбылықтың әртүрлі формаларындағы, соның ішінде отбасындағы зорлық-зомбылықтың өсу проблемасын да жатқызуға болады. Әлеуметтану, денсаулық сақтау, криминалистика, құқықтану, баспасөз ұйымдарының деректеріне сүйенетін болсақ Қазақстандағы отбасылардың едәуір бөлігінде зорлық-зомбылық күнделікті, үйреншікті, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өмір салтына айналып бара жатыр. Мақалада  зорлық-зомбылық көрсетудің түрлері оның себебтеріне байланысты көптеген шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен мақалалары, тұжырымдамалары, көзқарастары және ой-пікірлері,  қарастырылды. Мақала жазу барысында  шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері, ҚР статистикалық материалдары қаралып, соның ішінде: зорлық-зомбылықтың  түрлері мен себептерін  зерттеуде біршама ғалымдардың пікірлеріне тоқталды.  К.Лоренц, Л.Берковиц, А. Басс, В. Крейхидің еңбектеріне сүйенсек, зорлық-зомбылық  белгілі бір ұзақтығы, ұзындығы және кезеңдері бар процесс, сонымен қатар зорлық-зомбылық агрессияның ерекше түрі ретінде қарастырылған.  Ленор Уокердің «үш фазалық теориясында» зорлық-зомбылық циклінің кезеңдері туралы тұжырымдамасы пайдаланылды. С. Пинкер, Р.У. Вернон, М.Е. Браун, Энн Бургесс пен Линда Холмстром және Т.А. Забелина, И.Д.Горшкова, И.И. Шурыгина, Л. Берковиц, П.Д. Павленок, Л.Я. Курочкина, Е.Ф. Лейченко, және тағы басқа ғалымдардың еңбектері ерекше назар аудартады. Бұл авторлар, зорлық зомбылықтың түрлерін, себептері мен салдарларын зерттей отырып, зорлық-зомбылық мәжбүрлі және заңсыз сипатқа ие екенін атап өтті.

Кілт сөздер: Зорлық-зомбылық, агрессия, мәжбүрлеу, мінез-құлық, күш көрсету

Автор өмірбаяндары

  • Д. Зүлкәпіл, әл-Фaрaби aтындaғы Қaзaқ ұлттық университеті

     PhD доктoрaнты

  • Л. Т. Нуркaтовa, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    доктор социологических наук, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2020-02-02