Отбасыға орналастырылған және балалар үйінде тәрбиеленетін балалардың психологиялық, интеллектуалдық және мінез- құлықтық ерекшеліктері

Авторлар

  • A. O. Meshelova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.
  • G. A. Kenzhakimova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

Кілт сөздер:

жетім балалар, балалар үйі, отбасылық тәрбие, асырап алушы отбасы, балалардың психологиялық жағдайы, балалардың эмоционалды жағдайы, депривация, институционалды аутизм.

Аңдатпа

Мақалада балалар үйінде және отбасыда өмір сүретін балалардың көпшілігіне ортақ психологиялық, интеллектуалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктер қарастырылады. Осы мақсатта жүргізілген ғылыми зерттеулер сарапқа салынып, балаларда туындайтын проблемалардың себеп-салдары анықталады. Балалар үйінде өмір сүріп, отбасыға орналастырылған балалардың мінез құлықтық ерекшеліктері, интеллектуалды дамуы, асырап алушы отбасыға түскен ер балалар мен қыз балалардың жаңа отбасыға икемделуі туралы жазылады. Қыз балалардың интеллектуалдық дамуы жаңа отбасыға орналастырылғаннан кейін біршама жоғарылайтындығын зерттеулер нәтижесі көрсетеді. Баланың тұлға ретінде қалыптасуына оның өмірінің алғашқы жылдары қалыптасқан мінез-құлқы тікелей әсер етеді. Депривацияның әсері баланың қоршаған ортамен қайта қарым-қатынас орнатуына, қоғамнан өз орнын табуына кедергі болады. Осы тұжырымдарға негіз ретінде Боулбидің, Чарльз Зенаның, Натан Фокстың, Раттер мен Хоксбергеннің, Рене Шпитцтің, Дана Джонсонның және өзге де ғалымдардың ойлары мен зерттеу нәтижелері талданады. Мақала барысында қарастырылған зерттеулер балалар үйінде ерте бастан когнитивті және физикалық даму тежелетіндігін дәлелдейді. Тәрбие белгілі деңгейде бар нәрсені өзгерте алғанымен, мінез-құлықтық және психологиялық амал-әрекеттерінде балаларда тастандылық эффектісі байқалып тұратындығын атап көрсетеді. Баланың тұлға ретінде қалыптасуына тежегіш болатын факторлар талданып, интеллектуалдық тұрғыдан дамуын IQ көрсеткіштерінің нәтижесі бойынша анықтайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2017-01-17

Журналдың саны

Бөлім

Sociology