Музыкaның жүкті әйелдердің психикaлық жaғдaйынa әсері
Кілт сөздер:
әйелдердің жүктілігі, психикалық жай-күйі, музыканың әсері, музыка психологиясы.Аңдатпа
Мақала түрлі жанрдағы музыканың жүкті әйелдердің бірінші үш ай кезеңінде психикалық көңіл-күйі әсеріне талдау жасалған. Мақалада бұл мәселенің психологиялық ғылыми көзқарас жағынан зерттелу тарихы бяндалады. Тұтастай алғанда музыканың көмегімен писхикалық жай-күйді реттеу проблемаларын ғылыми зерттеудің теориялық аппараты әзірленуде. Бұл проблема медицинада, мәдениеттануда зерттеледі, бірақ толықтай ашу үшін біздің ойымызша сүбелі үлес қосатын пәнаралық қатынас қажет етіледі. Сонымен бірге өнер құралдарын, атап айтқанда музыканы қосу ертеден әйелдердің психикалық жай-күйіне жұмсақ әрі тиімді әсер етеді деп есептелген. Бұл қауіп деңгейінің төмендеуі, жағдайының және көңіл-күйінің жақсаруы белсенділігінің артуы, бейімделу мүмкіндігінің жоғарылауы және баланың жатыр ішінде психикалық жағдайының жақсаруы, сондай-ақ сәтті босануға психологиялық дайындығының жоғарылауынан көрінеді. Жүкті әйелдердің музыканы қабылдау ерекшелігі негізінен тыңдаған кездегі психикалық жай-күйіне, аз деңгейде жеке қасиеттеріне байланысты болады. Осылайша, біздің теориялық зерттеуіміздің басты объектісі – сәбидің жүйке жүйесінің сау қалыптасуы және баланың болашақтағы физикалық және психикалық саулығына байланысты болатын жүкті әйелдердің жағдайына музыканың әсер етуі болып табылады. Нәтижесінде маңыздылығымен бірге осы проблеманы әрі қарай қолданбалы түрде зерттеудің жолдары белгіленеді.
