ҚАЗАҚ ƏЙЕЛ ТҰЛҒАСЫНЫҢ БАСҚАРУ СТИЛІНДЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Аңдатпа
Қазіргі таңда қоғамда қазақ əйелдерін басқару саласында жиі көруге болады. Дамыған
мемлекеттерде бұл таң қалдырарлық жағдай емес, норма болып есептеледі десек те
қателеспейміз. Біздің мемлекетіміздегі қазіргі нарықтық жағдай əйел затына басқару
саласында жақсы мансап құруға кедергі келтірмейді. Дəл осы себептерден қазіргі таңда қазақ
əйел тұлғасының психологиялық ерекшеліктері, оның ішінде басқару стиліндегі
психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен қызығушылық тудырып отыр.









