ГЕНДЕРЛІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯМЕН ҰШТАСУЫ
Аңдатпа
Қазіргі заманда елімізде гендерлік саясат өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Қазақстан тəуелсіздігі жылдары Қазақстанның əлемдік қоғамдастыққа интеграция- лануы (ықпалдасуы, бірігуі) жөнінде үлкен жұмыстар атқарылды. 1998 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Əйелдерге қатысты кемсіту- шіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенциясына (келісіміне) қосылды. Осы конвенцияға факультативтік хаттама бекітілді, ал 2001 жылы Қазақстан Республикасы конвенциясының орындалуы туралы БҰҰ-ға есеп берді, бұл есепке оң баға берілді. БҰҰ-ның «Əйелдердің саяси құқығы туралы», «Тұрмыстағы əйелдің азаматтығы туралы» конвенциясы, Халықаралық еңбекті ұйымдастырудың алты конвенциясы, оның ішінде «Бірдей еңбек еткені үшін ерлер мен əйелдерді тең марапаттау туралы» конвенциялар бекітілді









