Бақ-тың өзін реттеуі: қажеттіліктері мен басымдықтары

Авторлар

  • A. Verevkin Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml
  • M. Lifanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті image/svg+xml

Кілт сөздер:

медиа технологиялар, БАҚ-тың өзін-өзі реттеушілігі, қазіргі медиа, БАҚ-тың əлеуметтік жауапкершілігі.

Аңдатпа

Мақалада бірқатар Еуропа елдеріндегі БАҚ-тың өзін реттеуіне қатысты мəселелері қарастырылған. Қазіргі кезде медиатехнологиялардың жиынтығы əлеуметтену үдерісінің маңызды құралы болып табылады. Мақалада аталмыш мəселенің теориялық негіздері ретінде БАҚ-тың қоғамға ықпалының тетіктерін сипаттайтын əртүрлі тұжырымдамалар сараланады (Лазарсфельд П., Ноэлль-Нойман Э., Липпман У. жəне т.б.). БАҚ-тың өзін реттеу ұйымдарын құру журналистер қауымының құқық қорғаушылар ұйымдары жəне азаматтық қоғам құрылымдарымен тығыз əріптестік орнатуымен байланысты. БАҚ-тың өзін реттеуі, бұл – бұқаралық ақпарат құралдарының өз іс- əрекеті үшін заң негізінде мемлекеттің алдындағы жауапкершілікпен қатар, этикалық нормалар негізінде қоғам алдындағы «əлеуметтік жауапкершілікті» қамтамасыз етуді мақсат тұтқан мемлекеттік емес ұйымдық жүйе. Мақалада Швециядағы («Швед баспасөз кеңесі»), АҚШ-тағы («Баспасөз еркіндігі жөніндегі комиссия») жəне Германиядағы («Баспасөз кеңесі») БАҚ-тың өзін реттеудің үлгілеріне байланысты мысалдар келтірілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2012-09-19

Журналдың саны

Бөлім

Sociology