Қылмыскердің тұлғасын зерттеу: əлеуметтік-психологиялық аспект
Кілт сөздер:
қылмыскердің тұлғасы, тұлғаның құрылымы, əлеуметтік-психологиялық айыру, девиантты жүріс-тұрыс, қылмыстық жүріс-тұрыстың əлеуметтік-психологиялық факторлары.Аңдатпа
Қылмыскердіңтұлғасынзерттеумəселесініңөзектілігіпсихологияғылымындағыоныңжеткіліктіқарастырылмағандығымен, сонымен бірге оның қылмыспен күрестегі маңызды қолданбалы жəне практикалық мəнімен анықталады. Мақалада
«қылмыскердің тұлғасы» деген түсініктің анықтамасына талдау жасалған, қылмыскер тұлғасының құрылымын түсінудегі əртүрлі ыңғайлар, қылмыскерлердің типологиясы ұсынылған. Келтірілген қылмыскерлер типінің əрқайсысының өзінше
«тұлғалық сызбасы» – қажеттіліктік-мотивациялық бағыттылықтарының ерекшеліктері, интеллектуалды, еріктік, эмоциялық жəне құралдық – жүріс-тұрыстық қасиеттері бар: «қылмыскер тұлғасы» түсінігінің, тұлға құрылымының, девиантты жүріс- тұрыстың себептері мен мотивтерін ортақ түсіну мен анықтаудың жоқтығы. Қылмыстық жүріс-тұрыстың əлеуметтік- психологиялық факторлары ретінде келесі нəрселер аталады: криминалды ортаға ену, отбасылық тəрбиенің дефектілері, маңызды қажеттіліктердің созылмалы ұзақ қанағаттанбауы, үнемі орын алатын жағдайға тəуелділік. Қорытындыда психологтардың практикалық жұмыстарының негізгі бағыттары белгіленген, олар: қылмыскерлердің жүріс-тұрыстарын диаг- ностикалау жəне түзету, қылмыстық деңгейді төмендету бойынша профилактика, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орын- дарында жазаларын өтеген адамдарды қайта əлеуметтендіру.









