Қазіргі жастардың онлайн-сатып алу кезіндегі импульсивтілігі мен эмоциялық дистресі арасындағы өзара байланысы
DOI:
10.26577/JPsS20269721Аңдатпа
Цифрлық ортадағы импульсивті сатып алу мінез-құлқы жастардың арасында жиі байқалады. Бұл жастардың тек қаржылай мәселелері емес, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болуы мүмкін. Зерттеудің мақсаты – жастардың эмоциялық дистресс (стресс, мазасыздық, депрессия), тұлғалық импульсивтілік деңгейі мен онлайн-сатып алу кезіндегі импульсивті мінез-құлқының арақатынасын айқындау. Импульсивті сатып алудың психологиялық механизмдерін түсіндіру арқылы психопрофилактикалық шараларды әзірлеу мүмкіндігі – зерттеудің ғылыми және практикалық маңызын көрсетеді. Зерттеудің әдіснамалық негізі DASS-21 (депрессия, мазасыздық және стресс шкаласы), Барратттың BIS-11 импульсивтілік шкаласы және Ричмондтың RCBS компульсивті сатып алу шкаласы әдістемелері пайдаланылған сандық дизайнды бірмезгілдік зерттеу болып табылады. Зерттеуге 18-21 жас аралығындағы 102 студент қатысты. Нәтижелер эмоциялық дистрестің тұлғалық импульсивтілікпен оң мәнді байланыс көрсететінін; бірақ импульсивті онлайн-сатып алумен тікелей статистикалық маңызды байланысы жоқ екенін көрсетті. Регрессиялық талдау импульсивтілік сатып алудың жалғыз маңызды предикторы (β = .51, p ≤ .001) болып, дисперсияның 26%-ын түсіндіретінін анықтады. Медиациялық талдау депрессия симптомдарының тұлғалық импульсивтілік арқылы импульсивті сатып алуға айтарлықтай деңгейде жанама ықпал ететінін көрсетті, бұл толыққанды медиацияны білдіреді. Бұл зерттеудің ғылыми құндылығы – тұлғалық импульсивтілік импульсивті онлайн-сатып алудың негізінде жатқан орталық психологиялық механизм екенін, ал депрессия өзін-өзі реттеу процестері арқылы тұтынушылық мінез-құлыққа жанама әсер ететінін эмпирикалық түрде дәлелденуінен көрінеді. Практикалық маңызы – жас тұтынушыларда импульсивті бақылауды жақсартуға бағытталған өзін-өзі реттеу тренингтерін, цифрлық сауаттылық бағдарламалары мен психологиялық интервенцияларды әзірлеу бойынша ұсыныстарды қамтиды.









