Субъективті әл-ауқат пен бақытқа қатысты жаһандық зерттеу үрдістері: 2001–2024 жж. библиометриялық талдау

Авторлар

  • Ш. Тленчиева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-8760-6352
  • Ш. Джаманбалаева Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-0310-529X
  • Е. Нурымбетов SDU университеті, Қаскелен, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-0933-9425
  • А. Балықбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0007-2354-6072
  • А. Белянин Ұлттық зерттеу университеті Жоғары экономика мектебі, Мәскеу, Ресей https://orcid.org/0000-0002-0874-8393

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202595410

Аннотация

Зерттеу күрделене түсетін әлеуметтік шындық жағдайында субъективті әл-ауқат пен бақыт жөніндегі ғылыми дискурс эволюциясын түсіндіруге бағытталған, мұнда адамның сезінетін өмір сапасы тұрақты дамудың маңызды көрсеткішіне айналады. Ғылыми жарияланымдардың артуы мен пәнаралық байланыстардың кеңеюі жинақталған білімді жүйелеуді және әлемдік ғылыми үрдістерді айқындауды қажет етті.

Зерттеудің мақсаты 2001–2024 жылдар аралығындағы субъективті әл-ауқат бойынша жаһандық жарияланымдарға кешенді библиометриялық талдау жүргізу болды, бұл теориялық және эмпирикалық зерттеулердің даму бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Міндеттер жарияланым динамикасын талдауды, жетекші елдер, авторлар мен журналдарды анықтауды және саланың концептуалдық құрылымдарын қалпына келтіруді қамтыды.

Жұмыстың ғылыми мәні субъективті әл-ауқатты зерделеудің теориялық негіздерін нақтылайтын және халықаралық әдебиетте Орталық Азия елдерінің жеткіліксіз қамтылуын көрсететін әлемдік үрдістерді айқындаумен сипатталады. Әдіснама Scopus базасында индекстелген 496 мақаланы Bibliometrix R бағдарламалық пакеті арқылы библиометриялық талдауды қамтыды, бұл дәйексөз беру желілерін, тақырыптық кластерлерді және жарияланым динамикасын картаға түсіруге мүмкіндік берді.

Нәтижелер ғылыми қызығушылықтың тұрақты өскенін және АҚШ, Ұлыбритания мен Батыс Еуропа зерттеулерінің басым екенін көрсетті. Концептуалдық құрылым төрт негізгі кластерді біріктіреді: әл-ауқаттың психологиялық механизмдері, әлеуметтік-экономикалық және денсаулық факторлары, макроэкономикалық детерминанттар және демографиялық-психологиялық аспектілер.

Практикалық маңыздылығы зерттеу қорытындыларының аймақтық бағалау құралдарын әзірлеуде және халықаралық әдістемелерді Орталық Азияның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне бейімдеуде қолданылу мүмкіндігімен айқындалады.

Түйін сөздер: субъективті әл-ауқат, бақыт, библиометриялық талдау, зерттеу үрдістері, Scopus дерекқоры, жаһандық ынтымақтастық, концептуалдық құрылым.

Авторлардың биографиясы

Ш. Тленчиева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент- автор) – докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы, Алматы, Қазақстан, e-mail: shyryn.muratkyzy@gmail.com

Ш. Джаманбалаева, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы, Қазақстан

әлеуметтану ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты, Алматы, Қазақстан, e-mail: dsholpan1971@gmail.com

Е. Нурымбетов, SDU университеті, Қаскелен, Қазақстан

оқытушы, SDU университеті, Қаскелен, Қазақстан, e-mail:  yedilnurymbetov@gmail.com

А. Балықбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

докторант, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы,  Алматы, Қазақстан, е-mail:  ardaq.ospan@gmail.com;

А. Белянин, Ұлттық зерттеу университеті Жоғары экономика мектебі, Мәскеу, Ресей

PhD,  профессор, Ұлттық зерттеу университеті Жоғары экономика мектебі, Мәскеу, Ресей, e-mail: albelix@yandex.ru

Как цитировать

Тленчиева S. ., Джаманбалаева S., Нурымбетов Y. ., Балықбаева, А. ., & Белянин, А. . (2025). Субъективті әл-ауқат пен бақытқа қатысты жаһандық зерттеу үрдістері: 2001–2024 жж. библиометриялық талдау. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 95(4). https://doi.org/10.26577/JPsS202595410