Болашақ психолог мұғалімдердің гипербелсенділік жане назар аударудын жетіспеушілік синдромы бар балалармен жұмысқа дайындық жағдайы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20259545

Аннотация

Бұл мақалада психологтарды эмоционалдық және ерікті сферасы бұзылған балалармен, әсіресе гипербелсенділік және зейін жетіспеушілік синдромы бар балалармен жұмыс істеуге дайындау аспектілері қарастырылады. Авторлар қазіргі әлемдегі  ГЗЖС феноменін зерттейді, осы синдромы бар балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерін анықтайды, сонымен қатар шет елдерде психологтарды дайындау тәжірибесін қарастырады.

Зерттеудің мақсаты болашақ педагогикалық психологтардың  ГЗЖС бар балалармен жұмыс істеуге дайындығын зерттеу болып табылады. Алынған нәтижелер психологтарды даярлаудың білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге негіз болды. Зерттеуде эмоционалдық-еріктік сферасы бұзылған балалармен тиімді жұмыс істеу үшін мамандарды сапалы дайындаудың маңыздылығы атап өтіліп, осы санаттағы балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие процесін оңтайландырудың жолдары ұсынылады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы  ГЗЖС бар балалармен жұмыс істеуге педагогикалық психологтарды дайындаудың күшті және әлсіз жақтарын анықтауда және білім беру бағдарламаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуде жатыр. Осы ұсынымдарды жүзеге асыру педагогикалық психологтардың осы санаттағы балалармен тиімді жұмыс істеуіне, олардың бейімделуі мен оқуын жақсартуға ықпал ете алады. Зерттеу нәтижесінде ГЗЖС бар балалармен жұмыс істеу үшін мамандардың сапалы дағдылары мен құзыреттерін қалыптастыруға және оларды оқыту сапасын арттыруға мүмкіндік туады.

Түйін сөздер: педагог-психолог, гипербелсенділік жане назар аударудын жетіспеушілік синдромы бар балалар, педагогикалық психологтарды дайындау, білім беру бағдарламасы, зерттеу.

Авторлардың биографиясы

Г. Оразаева, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің педагогика және психология Институтының директоры, е-mail mail  orazaeva.g@qyzpu.edu.kz

Г. Топанова, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент-автор), PhD, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің психология кафедрасының білім беру бағдарламасының жетекшісі, е-mail topanova2107@gmail.com

Т. Листопад, L.D.T. Consulting Grupp, Таллин, Эстония

психология ғылымдарының докторы, Эстонияның ұлттық өкілі және Еуропалық Психоаналитикалық Психотерапия Конфедерациясының (ECPP) Басқарма мүшесі, е-mail tatjana.listopad@gmail.com

Р. Айтжанова, Смағұл Қайшыбаев атындағы Неврология және нейрореабилитация институты, Алматы, Қазақстан

м.ғ.д., Смағұл Қайшыбаев атындағы неврология және нейрореабилитация институтының невропатолог дәрігері, e-mail aitzanovaraigul@gmail.com

Как цитировать

Оразаева, Г., Топанова, Г., Листопад, Т., & Айтжанова, Р. (2025). Болашақ психолог мұғалімдердің гипербелсенділік жане назар аударудын жетіспеушілік синдромы бар балалармен жұмысқа дайындық жағдайы. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 95(4). https://doi.org/10.26577/JPsS20259545