Дәстүрлі құндылықтар мен жаһандық ықпалдардың тоғысындағы жастардың құндылықтық өзгерістері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20259548

Аннотация

Mақалада Қазақстандағы жаһандану мен глокализация үдерістерінің тоғысындағы жастардың құндылықтық бағдарларының ерекшеліктері талқыланады. Жастар жаңа әлеуметтік нормаларды тез қабылдауымен қатар дәстүрлі мәдени коды бар отбасылық ортада тәрбиеленетіндіктен, олардың құндылықтық бағдарлары қоғамдағы өзгерістердің негізгі индикаторы болып табылады.

Зерттеу сандық әдіске негізделген және сауалнама арқылы жүзеге асырылды. Нәтижелер жастардың басым бөлігінің өмірлік стратегияларында дербестікке, мобильділікке және сапалы білім алуға деген ұмтылыстардың күшейгенін көрсетті. Керісінше, дәстүрлерге, ата-ананың кеңесіне немесе туыстық қолдауға сүйену деңгейі салыстырмалы түрде төмен. Ал, әлеуметтік сенімнің әлсіздігі қоғамдағы тұрақтылық пен әлеуметтік капиталдың дамуына кедергі келтіретін маңызды фактор ретінде анықталды.

Жалпы алғанда, жастардың құндылықтық бағдарлары гибридті сипатта дамуда: олар дәстүрлі нормаларды толықтай терістемейді, бірақ жаһандық ықпалдармен біріктіре отырып, прагматикалық бағдарға бет алғанын айғақтайды. Бұл нәтижелер білім беру саясаты, гендерлік теңдікке қатысты бағдарламалар және көші-қон стратегияларын әзірлеуде маңызды дереккөз бола алады. Сондықтан жастардың құндылықтық бағдарларын кешенді түрде зерттеу қазіргі әлеуметтік ғылымдар үшін өзекті.

Түйін сөздер: дәстүрлі құндылықтар, жаһандық ықпалдар,  тоғысу, жастар,  өзгерістер

Авторлардың биографиясы

М. Маульшариф, Нархоз университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент-автор)  – социология ғылымдарының кандидаты, профессор, Нархоз университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: mira.maulsharif@narxoz.kz

М. Джунусова, Орталық Азия университеті, Бішкек, Кыргызстан Республикасы

PhD, архитектура бойынша кандидат, аға ғылыми қызметкер, Орталық Азия университеті, Мемлекеттік басқару және саясат институты, Бішкек, Қырғыз Республикасы, e-mail: madina.junussova@ucentralasia.org

Как цитировать

Маульшариф, М., & Джунусова, М. (2025). Дәстүрлі құндылықтар мен жаһандық ықпалдардың тоғысындағы жастардың құндылықтық өзгерістері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 95(4). https://doi.org/10.26577/JPsS20259548