Менталитеттің тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын ерекшеліктері: эксперименттік зерттеудің жаңа әдісі

Авторлар

  • А. Масалимова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан https://orcid.org/0009-0008-7572-9388
  • Е. Витулёва Халықаралық инженерлік-технологиялық университет, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-6075-4870
  • М. Костсова Севастополь мемлекеттік университеті, Севастополь, Ресей https://orcid.org/0000-0003-1080-3053
  • А. Гришина В.И. Вернадский атындағы Қырым федералдық университеті, Севастополь экономикалық-гуманитарлық институты, Севастополь, Ресей https://orcid.org/0000-0002-0303-2222
  • И. Сүлейменов Халықаралық инженерлік-технологиялық университет, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-7274-029X

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20259543

Аннотация

Психологиялық тестілеу әдістерін жетілдіру қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылады. Бұл, бір жағынан, қашықтан тестілеуді қолданудың кеңеюіне, екінші жағынан, психиканың филогенетикалық және онтогенетикалық құрамдастарының арақатынасын нақтылау қажеттілігіне байланысты. Осы жағдайлар психологиялық тесттерді құрастырудың қолданыстағы тәсілдерін жаңғыртуды талап етеді. Зерттеудің мақсаты – индивид психикасындағы тұқым қуалайтын құрамдастарды анықтауға бағытталған тестілеу әдістемесін әзірлеу. Зерттеудің негізгі идеясы тұқым қуалайтын және социомәдени факторларды ескеру психологиялық диагностика мен психотерапиялық практикалардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деген тұжырымға негізделеді. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңызы ұсынылған әдістеменің социомәдени кодтың көрініс беру тетіктерін талдауға және психотерапиялық құралдарды жетілдіруге жаңа мүмкіндіктер ашуында. Зерттеу әдіснамасы нейрондық желілердің көмегімен берілген тақырыпқа суреттер құруға және оларды «ана – қыз» жұптары аясында салыстыруға негізделген. Мұндай тәсіл психикадағы тұқым қуалайтын құрамдастарды бейнелейтін корреляцияларды анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері ұсынылған әдістеменің психиканың тұқым қуалайтын элементтерін тиімді айқындай алатынын және адам санасының дуалды табиғатын сипаттайтын нейрондық желілік қоғам қалыптастыру теориясын растайтынын көрсетті. Бұл теорияға сәйкес, санада жеке және ұжымдық құрамдастар қатар өмір сүреді. Зерттеудің үлесі психодиагностика теориялық негіздерін дамытуда және психиканың тұқым қуалайтын аспектілерін анықтау үшін жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін көрсетуінде. Алынған нәтижелердің практикалық маңызы – тұлғаның қалыптасуына социомәдени кодтың ықпалын барынша ескеретін жаңа психотерапиялық практикаларды әзірлеуге негіз қалайды.

Түйін сөздер: суреттер, нейрондық желі, тұқым қуалайтын идеялар, менталитет, ұлт рухы, ақпаратты өңдеудің трансперсоналды деңгейі, менталитет.

Авторлардың биографиясы

А. Масалимова, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан

философия ғылымдарының докторы, профессор, жоба жетекшісі, ғылыми қызмет жөніндегі проректор, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясы, Алматы, Қазақстан; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, Астана, Қазақстан, e-mail: jameliya0905@gmail.com

Е. Витулёва, Халықаралық инженерлік-технологиялық университет, Алматы, Қазақстан

(корреспондент-автор)– PhD, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының жетекші ғылыми қызметкері, Алматы, Қазақстан, e-mail: Lizavita@list.ru

М. Костсова, Севастополь мемлекеттік университеті, Севастополь, Ресей

Севастополь мемлекеттік университеті, mashasev@mail.ru

А. Гришина, В.И. Вернадский атындағы Қырым федералдық университеті, Севастополь экономикалық-гуманитарлық институты, Севастополь, Ресей

В.И. Вернадский атындағы Қырым федералдық университеті, Севастополь экономикалық және гуманитарлық институты, Севастополь, Ресей, e-mail: nast_kostsova@mail.ru

И. Сүлейменов, Халықаралық инженерлік-технологиялық университет, Алматы, Қазақстан

химия ғылымдарының докторы, физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік академиясының бас ғылыми қызметкері, e-mail: esenych@yandex.kz

Как цитировать

Масалимова, А., Витулёва, Е., Костсова, М., Гришина, А., & Сүлейменов, И. (2025). Менталитеттің тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын ерекшеліктері: эксперименттік зерттеудің жаңа әдісі. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 95(4). https://doi.org/10.26577/JPsS20259543