Студенттердің интернетті проблемалы пайдалануының диагностикасы: тұлғаның мазасыздануы мен өзін-өзі бағалауының байланысы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20259544

Аннотация

Цифрлық ортада өмір сүретін студенттердің цифрлық ұрпағының гаджеттерді және үнемі жаңартылып отыратын функционал қосымшаларды белсенді пайдалануы олардың психикалық денсаулығы мен саламаттылығына әсер етеді. Электронды байланыс құралдарын және интернетті әрдайым қолдану  жеке тұлғаның дамуына оң мүмкіндіктер туғызумен қатар олардың өмір сүру сапасына да ықтималды  қауіп төндіреді. Зерттеудің мақсаты - студенттердің интернетті проблемалы пайдалануын диагностикалау және оның  тұлғаның мазасыздануы  мен өзін-өзі бағалауға әсерін анықтау. Зерттеу бойынша диагностика жүргізу үшін келесі әдістер қолданылды: интернетті проблемалы пайдаланудың жалпы шкаласы және интернетке тәуелділіктің Чен шкаласы, Уайнхолдтың өзін-өзі бағалау сауалнамасы, Спилбергер -Ханиннің мазасыздық шкаласы. Мақалада «интернетті проблемалы пайдалану» (ИПП) түсінігін анықтау тұғырлары, оның тұлғаның интернетке тәуелділіктен айырмашылығы  талданады, Қазақстанда және әлемде интернетті проблемалы пайдалануды диагностикалау және алдын алу бойынша зерттеулерге шолу жасалады, сонымен қатар эмпирикалық зерттеу нәтижелері ұсынылады. Зерттеудің тәжірибелік бөлімінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары курстарының (3-4 курс) 65 студенті қатысты. Оның жаңалығы мен практикалық маңыздылығы интернетті проблемалы пайдалану студенттердің мазасыздануы мен тұлғалық өзін-өзі бағалау деңгейлері арасындағы маңызды корреляцияны анықтауға байланысты дәйектелді. Қорытындыда интернетті проблемалы пайдаланудың алдын алу бойынша ұсыныстар берілген.

Түйін сөздер: интернет-аддикция, интернетті проблемалық қолдану, ұялы телефонды проблемалы пайдалану, менталды денсаулық, мазасыздану,  өзін-өзі бағалау, диагностика және алдын алу.

Авторлардың биографиясы

А. Мынбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент-автор) - педагогика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: Aigerim.Mynbaeva@kaznu.edu.kz

И. Копенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдар бакалавры, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: ideliya2017@gmail.com

Б. Әрінова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ассистент-профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: baxit-a@mail.ru

А. Гумерова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің психология мамандығы бойынша PhD докторанты, Алматы, Қазақстан, e-mail: gumerovaalfiya5@gmail.com

Как цитировать

Мынбаева, А. ., Копенова, И., Әрінова, Б., & Гумерова, А. . (2025). Студенттердің интернетті проблемалы пайдалануының диагностикасы: тұлғаның мазасыздануы мен өзін-өзі бағалауының байланысы . ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 95(4). https://doi.org/10.26577/JPsS20259544