Қазақстандағы студент жастардың эмоционалдық әл-ауқаты: кросс-мәдени контекстінде әлеуметтік-психологиялық тексеру

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202594302
        11 14

Аннотация

Жаһандану және академиялық ұтқырлықтың күшеюі жағдайында студенттердің эмоционалдық
әл-ауқаты мәселесі, әсіресе Қазақстанның көпмәдениетті білім беру ортасында ерекше маңызды
және өзекті болып табылады. Эмоциялық салауаттылық жеке тұлғаның психологиялық жай-
күйінің интегралды көрсеткіші ретінде бейімделу сапасымен, әлеуметтік қолдау деңгейімен,
мәдени қатынаспен және тұлғааралық қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Бұл зерттеудің
мақсаты – қазақстандық және шетелдік студенттердің үлгісі бойынша мәдениетаралық аспектіні
ескере отырып, эмоционалдық салауаттылық құрылымын әлеуметтік-психологиялық тексеру.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы эмоционалдық әл-ауқат деңгейін анықтайтын әлеуметтік-мәдени
факторларды анықтауда, сондай-ақ әртүрлі этникалық топтар арасындағы көрсеткіштерді
эмпирикалық түрде салыстыруда. Зерттеуге 227 респондент – қазақстандық және шетелдік
студенттер қатысты. Кешенді эмпирикалық диагностика аффективтік күйлерді, эмоционалды
реттеу стратегияларын, эмоциялар саласындағы өзіндік тиімділікті, депрессия, алаңдаушылық
және стресс деңгейін, сондай-ақ әлеуметтік қолдау мен мәдени бағдарларды қабылдауды
бағалауға бағытталған алты жарамды әдісті қолдану арқылы жүзеге асырылды. Әдістеме
стандартталған шкалаларды және талдаудың статистикалық әдістерін қолдануды қамтиды.
Нәтижелер шетелдік студенттердің эмоционалдық әл-ауқаты көп жағдайда мәдени бейімделу
деңгейіне және әлеуметтік қолдау сапасына байланысты екенін көрсетті. Алынған мәліметтердің және практикалық маңызы бар: оларды психологиялық көмек бағдарламаларын әзірлеуде және
студенттерге бейімделу тренингінде пайдалануға болады. Жұмыс көпмәдениетті ортадағы эмо-
ционалды жағдайдың тұрақтылығы мәселесін өзекті ете отырып, мәдениетаралық және білім
беру психологиясының дамуына ықпал етеді.
Түйін сөздер: эмоционалдық салауаттылық, мәдениетаралық зерттеу, студенттер, әлеумет-
тік-психологиялық тексеру, предикторлар.

Авторлардың биографиясы

Т. Қонысбай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

(автор - корреспондент) – жалпы және қолданбалы психология кафедрасының 1 курс докторанты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Алматы, Қазақстан, e-mail: tolkin_25.98@mail.ru

О. Аймаганбетова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

психология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: alnara25@mail.ru

Н. Хазратова, Вармия-Мазури университеті, Ольштын, Польша

психология ғылымдарының докторы, Вармия-Мазури университетінің клиникалық, педагогикалық және даму психологиясы кафедрасының профессоры, Ольштын, Польша, e-mail: nigora.khazratova@uwm.edu.pl

Э. Адилова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доцент м.а. Алматы, Қазақстан, e-mail: elnura.adilova@mail.ru

Н. Садыкова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

психология ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, e-mail: sadikova.nazira@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Қонысбай, Т., Аймаганбетова, О., Хазратова N. ., Адилова, Е., & Садыкова N. . (2025). Қазақстандағы студент жастардың эмоционалдық әл-ауқаты: кросс-мәдени контекстінде әлеуметтік-психологиялық тексеру. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 94(3), 14–24. https://doi.org/10.26577/JPsS202594302