Қазақстандық жоғары сынып оқушыларының оқу көші-қон перспективасының әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері

Авторлар

  • М. Шнарбекова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0002-1350-2806
  • С. Иманбаева Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0001-5159-007X
  • Т. Зерчанинова Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясы, Екатеринбург, Ресей https://orcid.org/0000-0002-1582-1982

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202595412

Аннотация

Көші-қон мен білім беру өзара байланысты күрделі әрі динамикалық үдеріс ретінде ғылыми әдебиеттерде әртүрлі зерттеу қырынан қарастырылады. Қазіргі қоғамда білім беру көші-қоны білім беру ресурстарының қолжетімділігі мен оқу нәтижелерінің сапасына әсер ететін фактор ретінде сипатталады. Халықаралық бағдарламалар мен грант санының артуы шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуды жоспарлайтын қазақстандық жоғарғы сынып оқушылары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мақалада қалалық және аймақтық мектептердің жоғарғы сынып оқушылары арасында шетелдік жоғары оқу орындарында білім алуға қатысты жоспарларын талдау мақсатында жүргізілген зерттеу нәтижелері ұсынылған. Жиналған деректер мектеп бітіргеннен кейінгі білім беру жоспарларын қалыптастырудағы әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктерді айқындау үшін арнайы SPSS бағдарламасы негізінде талданды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, шетелдік жоғары оқу орнын таңдауда басты фактор академиялық өлшемдер анықталады. Шетелде білім алу туралы ақпараттың негізгі көздері цифрлық арналармен (интернет пен әлеуметтік желілер) байланысты болса да, аймақтық мектеп оқушылары үшін отбасының ықпалы маңызды рөлін сақтап отыр. Сонымен қатар, академиялық мобильділік бағдарламалары туралы хабардар болу деңгейінде де гендерлік және аумақтық айырмашылықтар анықталды. Мемлекеттік білім беру бағдарламаларына деген қызығушылық жеткілікті жоғары болғанымен, ол жыныс пен тұрғылықты жерге байланысты айтарлықтай өзгешеленеді. Жалпы алғанда, қазақстандық жоғарғы сынып оқушыларының білім беру көші-қон жоспарлары академиялық және әлеуметтік-демографиялық факторлардың ықпалында қалыптасып, білім беру көші-қоны туралы шешім қабылдау үдерісінің күрделі сипатын көрсетеді.

Зерттеу құндылығы: қазақстандық жоғары сынып оқушыларының білім беру көші-қон жоспарларын зерделеу әр түрлі әлеуметтік-демографиялық топтар бойынша ерекшеліктерді анықтауға және қайтарымсыз білім-беру көші-қонның макро, мезо және микро-деңгейде алғышарттарын жүйелеуге мүмкіндік береді. 

Практикалық маңыздылығы: Зерттеу нәтижелері жоғары сынып оқушыларының көші-қон жоспарларының қалыптасу үдерісін терең түсіну арқылы қайтарымсыз көші-қон тәуекелін барынша азайтуға бағытталған ынталандыру стратегиясын жобалауға негіз бола алады. Зерттеу әдіснамасы кейінгі зерттеулерде жастардың көші-қон жоспарлары мен мотивтерінің өзгеру динамикасын айқындауда қолданыс таба алады.

Түйін сөздер: білім беру жоспарлары, білім, жоғарғы сынып оқушылары, халықаралық бағдарламалар, қалалық және аймақтық мектептер.

Авторлардың биографиясы

М. Шнарбекова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент- автор) – PhD, бас ғылыми қызметкер, қауымдастырылған профессор, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: meru_12_12@mail.ru

С. Иманбаева, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, Қазақ Ұлттық Қыздар педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: simanbaeva4@gmail.com

Т. Зерчанинова, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясы, Екатеринбург, Ресей

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, өңірлік және муниципалдық басқару кафедрасының меңгерушісі, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясы, Екатеринбург, Ресей, email: zerchaninova-te@ranepa.ru

Как цитировать

Шнарбекова, М. ., Иманбаева S. ., & Зерчанинова, Т. (2025). Қазақстандық жоғары сынып оқушыларының оқу көші-қон перспективасының әлеуметтік-демографиялық ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 95(4). https://doi.org/10.26577/JPsS202595412