Білім беру теңсіздігі және ауылдық оқушылардың жоғары жетістіктерге жету мүмкіндіктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202594306
        16 8

Аннотация

Мақала Қазақстандағы ауылдық мектептердің «Мың бала» ұлттық олимпиадасына қатысуына әсер ететін факторларға, сондай-ақ оқушылардың жоғары нәтижелер көрсетуіне мүмкіндік беретін жеке және институционалдық сипаттамаларға арналған. Негізгі сұрақ – ауылдық мектеп оқушысының Олимпиададағы табыстылығымен байланысты жеке және құрылымдық факторлар қандай. Зерттеуде мектептердің инфрақұрылымы, қатысушылары және Олимпиада нәтижелері туралы ашық деректер қолданылған.

Мақалада теңсіздіктің қайта өндірілетін тетіктерін анықтау үшін статистикалық модельдеу (регрессиялық талдау) және кеңістіктік талдау элементтері пайдаланылды. Нәтижелер көрсеткендей, ел бойынша аудан орталықтарында тұратын оқушылар ауылдық жерлердегі құрдастарына қарағанда орта есеппен жоғары балл жинайды. Оқушылардың Олимпиадаға қатысу деңгейі мен олардың білім жетістіктері географиялық тұрғыдан біркелкі емес, мектеп инфрақұрылымы (кітапханалар, компьютерлер және интернет жылдамдығы) оқушылардың білім жетістіктерімен айтарлықтай байланысты емес. Сондай-ақ, гендерлік алшақтық бар: қыздар ана тілі және ағылшын тілі тапсырмаларын жақсы орындайды, ал ұлдар жаратылыстану және математика тесттерінде жоғары нәтиже көрсетеді. Оқушылардың жекелеген сипаттамалары (жынысы, тілі, тұрғылықты жері) балалардың жалпы қабілет тесттерін орындауына пәндік тапсырмаларға (математика, жаратылыстану және т.б.) қарағанда аз әсер етеді.

Бұл зерттеу ауылдық мектептердегі білім беру теңсіздігі мен оқыту ерекшеліктері жөніндегі академиялық және практикалық пікірталасқа үлес қосады. Зерттеудің практикалық маңызы – қаладан тыс мектептерді қолдауға арналған тиімді стратегияларды әзірлеу және Қазақстан Республикасында мектептегі білім сапасын арттыру саясатын қалыптастыру үшін дәлелдер ұсыну.

Түйін сөздер: әлеуметтік теңсіздік, білім беру теңсіздігі, ауылдық мектептер, дарындылық, Қазақстан.

Авторлардың биографиясы

Ж. Аубакирова, «Ел үміті» қоры» корпоративтік қоры, Қазақстан, Астана

(корреспондент-автор) – Kazakhstan Sociology Lab зерттеуші, «El Umiti» корпоративтік қоры, Астана, Қазақстан, e-mail: zhaniya.abkr@gmail.com

А. Амрин, Корпоративный фонд «Фонд «El Umiti», Астана,

«El Umiti» корпоративтік қорының директоры, Қазақстан, Астана, e-mail: aslanbekamrin@gmail.com

С. Казтаева, «Ел үміті» қоры» корпоративтік қоры, Қазақстан, Астана

PhD, Kazakhstan Sociology Lab зерттеуші, «El Umiti» корпоративтік қоры, Астана, Қазақстан, e-mail: ss.kaztayeva@gmail.com

К. Тенишева, Еуропа университеті

әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, есептік әлеуметтік ғылымдар мектебінің әлеуметтану бағдарламалары бөлімінің доценті, директоры, Еуропа университеті, Санкт-Петербург, Ресей, e-mail: ktenisheva@eu.spb.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Аубакирова, Ж., Амрин, А., Казтаева, С., & Тенишева, К. (2025). Білім беру теңсіздігі және ауылдық оқушылардың жоғары жетістіктерге жету мүмкіндіктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 94(3), 64–78. https://doi.org/10.26577/JPsS202594306