Діндарлық пен жауапкершіліктің байланысын әлеуметтік зерттеу: Алматыдағы жастар аудиториясы мысалында

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS20259549

Аннотация

Діни нанымдардың мәдени әртүрлілікпен сипатталатын білім беру ортасындағы оқушылардың мінез-құлқына әсерін түсіну үшін өте маңызды. Бұл зерттеу оқушылардың жауапкершілік сезімі мен олардың діндарлығы арасындағы байланысты қарастырады. Зерттеудің алға қойған мақсаты студент жастардың діндарлығы мен жауапкершілігі арасындағы байланысты анықтауға бағытталады. Нақтылап айтқанда ішкі және сыртқы діни ориентация мен жастардың мінезі-құлқына әсер ету ықтималдылығы қарастырылады. Өз кезегінде бұл ғылыми-практикалық зерттеулер арқылы жаңа эмперикалық нәтижелер ұсыналы.

Осы зерттеу шеңберінде құрылымдық сауалнаманы қолдана отырып, барлығы 164 студентке сауалнама жүргізілді. Сандық ақпарат жинау мақсатында, студенттердің жауапкершілік деңгейін, ішкі және сыртқы діни бағдары қарастырылды. Деректерді талдау шеңберінде олар зерттелетін айнымалылар арасындағы кез-келген ықтимал қатынастарды анықтау үшін Пирсон коэффициентін қолдана отырып есептерге талдау жасалды. Сонымен қатар, өлшеулердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін кронбах альфа тестін қолдана отырып, ішкі сәйкестік шкаласы бағаланды.

Оқушылардың жауапкершілік шкаласының ішкі үйлесімділігі өте жоғары деп бағаланады, мұны кронбахтың 0,782 альфа коэффициенті көрсетеді. Діни бағдарды өлшеудің ішкі (α = 0,812) және сыртқы (α = 0,673) шкалалары сәйкесінше  болды. Талдау нәтижелері студенттердің жауапкершілігі мен ішкі (r= 0,428) орташа және сыртқы (r = 0,152) діндарлық арасындағы әлсіз оң корреляцияны көрсетті. Нәтижелер студенттік бағдар мен діни жауапкершілік арасындағы оң корреляцияны көрсетеді. Ішкі діни бағдар сыртқы бағдарға қарағанда студенттің міндеттерімен біршама күшті корреляцияны көрсетеді. Зерттеу нәтижелері әртүрлі жағдайларда осы байланысты одан әрі зерттеу қажеттілігін көрсетеді. Айта кету керек, ішкі діни нанымдар оқушылардың жауапты мінез-құлқына айтарлықтай әсер етуі мүмкін.

Зерттеу барысында алынған нәтижелер жоғарғы оқу орындарындағы студенттердің мінез-құлқын түсінуге дәне әртүрлі жастар саясаты бойынша бағдарламалар әзірлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеудің тұжырымдары жастардың мінез құлқы мен тұлғалық дамуын және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруда практикалық маңызға ие.

Түйін сөздер: студенттің жауапкершілігі, діни бағдар, ішкі діни бағдар, сыртқы діни бағдар, әлеуметтік зерттеу.

Авторлардың биографиясы

А. Сембинова, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

(корреспондент- автор) – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің докторанты, Алматы, Қазақстан, e-mail: ademi.sembinova@bk.ru

Д. Құсайнов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

философия ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессоры, Алматы,  Қазақстан, e-mail: daur958@mail.ru

А. Озкан, Анкара университеті, Анкара, Түркия

философия ғылымдарының докторы, профессор, Анкара университеті, Анкара, Түркия, e-mail: ozkanarafet@gmail.com 

Как цитировать

Сембинова, А. ., Құсайнов D. ., & Озкан, А. . (2025). Діндарлық пен жауапкершіліктің байланысын әлеуметтік зерттеу: Алматыдағы жастар аудиториясы мысалында. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 95(4). https://doi.org/10.26577/JPsS20259549