Қалалық сәйкестік феноменінің құрылымдық компоненттері мен мазмұны – әлеуметтік және кеңістіктік компоненттер (Алматы қаласының мысалында)

Авторлар

  • А. Нугаева Алматы Менеджмент университеті, Алматы, Қазақстан; Б. Джамгерчинова атындағы тарих, археология және этнология институты, Бішкек, Қырғызстан https://orcid.org/0009-0004-1410-1619
  • А. Беймишева Нархоз университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3281-6859

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202593208
        26 10

Аннотация

Бұл жұмыс қалалық сәйкестік тақырыбына, оның әлеуметтік және кеңістіктік құрамдас бөліктеріне арналған. Феномен когнитивті, сезімдік және мінез-құлықтықтұрғыдан қарастырылады. Зерттеудің бірегейлігі қалалық сәйкестіктің екі маңызды қырын зерттеуге бағытталуында. Біріншіден, ол құрылымын, қаңқасын және осы құбылысты құрайтын жалпы элементтерінқарастырады. Бұл тәсіл тұрақты айнымалыларды анықтауға ұмтылады, олар әртүрлі географиялық жағдайларда – әртүрлі қалаларда қайталануы мүмкін.  Сонымен қатар, зерттеудің екінші бағытықалалық сәйкестіктің мазмұнына, оның бірегейлігіне, сипатына және ерекшеліктеріне назар аударады. Орталық Азиядағы Алматы қаласы мысал ретінде алынып, оның тұрғындарының қалалық сәйкестігі зерттеледі.  

Зерттеу барысында алынған деректер қаланы басқарудың қолданбалы салалары үшін маңызды болуы мүмкін. Олар әкімшілік, басқарушылық, тактикалық және стратегиялық шешімдер қабылдауда, сондай-ақ қалалық мәдени саясатты қалыптастырудақолданылады. Өзекті мәліметтердің болуы қаланы дамытудың дұрыс стратегиясын қалыптастыруға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, зерттеудің ғылыми маңыздылығы – қалалық сәйкестік феноменінің әмбебап құрылымдық қаңқасын және оның құрамдас бөліктерін анықтау. 

Түйін сөздер: қалалық сәйкестік, сәйкестік құрылымы, Алматы, уақытша перспектива, әлеуметтік картография, менталды картография, қаланы қабылдау.

Авторлардың биографиясы

А. Нугаева, Алматы Менеджмент университеті, Алматы, Қазақстан; Б. Джамгерчинова атындағы тарих, археология және этнология институты, Бішкек, Қырғызстан

Аджанкт профессор, Урбанистика орталығы, Алматы Менеджмент Университеті, Алматы, Қазақстан, Б. Джамгерчинова атындағы тарих, археология және этнология институтының ғылым кандидаты дәрежесіне ізденуші, Бішкек, Қырғыстан, e-mail: dvorproject@gmail.com

А. Беймишева, Нархоз университеті, Алматы, Қазақстан

профессор, Нархоз университеті, Алматы, Қазақстан, e-mail: aigul.beimisheva@narxoz.kz  

Жүктелулер

Как цитировать

Нугаева, А. ., & Беймишева, А. . (2025). Қалалық сәйкестік феноменінің құрылымдық компоненттері мен мазмұны – әлеуметтік және кеңістіктік компоненттер (Алматы қаласының мысалында). ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 93(2), 90–103. https://doi.org/10.26577/JPsS202593208