Суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің сипаттамалық ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/JPsS202592103
        36 44

Аннотация

Бұл мақала суицидтік мінез-құлыққа бейім жастардың кейбір мінездемелік ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Суицидтік мінез-құлықты зерттеу мәселелері ресми статистика жыл сайын жасөспірімдер арасындағы суицид деңгейінің айтарлықтай өсу динамикасын көрсететін қазіргі Қазақстан үшін ерекше маңызға ие.

Суицидтің жалпы қабылданған психологиялық портретіне сүйене отырып, зерттеу жүргізу кезінде біз суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің негізгі сипаттамалық ерекшеліктеріне депрессияны, өмірлік қанағаттанбауды, суицидтік ниеттер мен бейімділікті жатқыздық, оларды зерттеу осы құбылысты тереңірек талдауға және суицидтік мінез-құлықтың дамуына ықпал ететін болжаушыларды анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу объектісі – норматиптік топтағы жасөспірімдер және 13 пен 16 жас аралығындағы тәуекел тобындағы жасөспірімдер. Зерттеудің мақсаты – суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің мінездемелік ерекшеліктерін зерттеу.

Зерттеу 2023 жылы Алматы мектептерінде жүргізілді; әдістемелік құралдарға 3 әдістеме кірді.

Нәтижелер білім алушылардың негізінен суицидтік ниеттерді қалыптастырудан сақтандырылмағанын және алдын алуды тек тәуекел тобымен ғана емес, сонымен қатар нормотиптік топпен де жүргізу қажет екенін көрсетеді. Зерттеудің құндылығы мен маңыздылығы оның нәтижелері бойынша суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің сипаттамалық ерекшеліктері анықталды, бұл жалпы суицидтік тәуекелдердің алдын алуға ықпал етуі мүмкін.

Түйін сөздер: суицидтік мінез-құлық, тәуекел тобы, норматиптік топ, білім алушы жастар, мінездемелік сипаттамалар және т.б.

Авторлардың биографиясы

А. Ли, HelGuard It, Сеул, Оңтүстік Корея

психолог, HelGuard It,  e-mail: alexina.li@mail.ru

О. Аймаганбетова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

психология ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының профессоры, e-mail: alnara25@mail.ru

М. Рыскулова, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Л.Н. Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті, e-mail: ryskulova-75@mail.ru

Е. Умурзаков , Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті, Алматы, Қазақстан

заң ғылымдарының кадидаты, әлеуметтік ғылымдар және құқық кафедрасының меңгерушісі, Халықаралық көлік және гуманитарлық университет,  e-mail: UEA-76@mail.ru

Э. Адилова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доцент м.а., e-mail: elnura.adilova@mail.ru

Жүктелулер

Как цитировать

Ли, А. ., Аймаганбетова, О., Рыскулова, М. ., Умурзаков Y. ., & Адилова, Е. (2025). Суицидтік мінез-құлыққа бейім жасөспірімдердің сипаттамалық ерекшеліктері. ҚазҰУ Хабаршысы. Психология және әлеуметтану сериясы, 92(1), 41–54. https://doi.org/10.26577/JPsS202592103