Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау стратегиялары мен мотивтері
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS202593209Аннотация
Мамандық таңдау бұл жоғары сынып оқушыларының болашақ жұмысының бағытына қатысты өзін анықтауын білдіреді. Жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауы мен мамандық таңдау мәселесі өзектілігін жоғалтпайды. Себебі, кәсіби бағдарлаудың тиімді жүзеге асуы жастардың болашақ жұмысқа орналасуының және еңбек нарығындағы бәсекелестік позицияларының кепілі, маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сондықтан, оқушылардың мамандықтың нақты бағыттарын таңдауына әсер ететін түрлі факторларды анықтауға мүмкіндік беретін әлеуметтанулық зерттеулер қажет. Зерттеуіміздің мақсаты жоғары сынып оқушыларының болашақ мамандық таңдаудағы стратегиялары мен мотивтерін анықтау.
Әлеуметтанулық зерттеу нәтижесі бойынша жоғары сынып оқушылары үшін болашақ мамандық пен жұмыстың ең маңызды сипаттамалары мыналар: еңбекақының жоғары деңгейі, өзімді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болуы, мансаптық өсу мүмкіндігі, бұл мамандық бойынша көптеген жұмыс орындарының болуы. Оқыту тілі бойынша болашақ мамандық таңдауда «еңбекақының жоғары болуы» қазақ және орыс тілде оқитын оқушылар үшін аса маңызды мотивтердің бірі. Білім беру грантының саны арнайы мектеп оқушылар үшін маңызды емес болса, жалпы білім беретін мектеп оқушылары аса маңызды екені анықталды. Жоғары сынып оқушыларының басым бөлігі болашақ мамандықтарына таңдау жасаған. Бұл, олардың мамандық таңдау стратегиялары нақты құрылғанын көрсетеді. Арнайы мектептердің оқушылары жалпы білім беретін мектептердегі оқушылармен салыстырғанда еңбек нарығындағы өзгерістер және белгілі бір кәсіптерге сұраныс туралы біледі.
Мамандық таңдаудағы стратегиялар мен мотивтерді анықтау білім беру мекемелері мен басшылары үшін оқушыларға болашақ мамандық таңдау мен кәсіби шешім қабылдау бойынша тиімді стратегияларды әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін. Алайда бұл мотивтер әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Түйін сөздер: жоғары сынып оқушылары, жастар, кәсіп, болашақ мамандық таңдау, мотив, стратегия