Жоғары оқу орындары студенттерінің жасанды интеллект негізіндегі чат - боттарға қабылдауы мен қатынасын зерттеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/JPsS20259546Аннотация
Соңғы жылдары жасанды интеллект чатботтарының өмірдің әртүрлі салаларына, соның ішінде білімге белсенді таралуы байқалды. Осыған байланысты чатботтарды қолданудың ықтимал артықшылықтары мен кемшіліктерін, сондай-ақ осы инновациялардың ықтимал салдарын зерттейтін зерттеулер саны артып келеді. Осы құралдардың оқу процесіне белсенді таралуын ескере отырып, студенттердің оларды қалай қабылдайтынын және оларға қалай қарайтынын анықтау қажеттілігі туындайды. Бұл жұмыс студенттердің оқу процесіне жасанды интеллекттің мақсатты интеграциясына дейінгі және кейінгі қатынастарын салыстыруға арналған. Эксперименттік зерттеуге қазақстандық жоғары оқу орындарының 110 студенті қатысты. Нәтижелер студенттердің көпшілігі чатботтарға оң көзқараспен қарайтынын және оларды пайдалануға қызығушылық танытатынын көрсетті. Алайда эксперимент жүргізілгеннен кейін студенттердің пікірінде статистикалық маңызды айырмашылық байқалды. Бұл студенттердің жасанды интеллект және оның мүмкіндіктері туралы сенімдері қалыптасу сатысында екенін көрсетеді. Осы технологиямен өзара әрекеттесудің тікелей тәжірибесі оған деген көзқарасқа әсер етуі мүмкін. Зерттеу нәтижелері студенттердің жасанды интеллектке деген көзқарасын кеңейтуге мүмкіндік береді және оны оқу процесіне тиімді біріктіру ережелерін әзірлеуде пайдалы болуы мүмкін.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, чатботтар, студенттер, жасанды интеллектке деген көзқарас, сенім.
